Semeytany.kz — Жаңасемей ауданы Қараөлең ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылында көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Жөндеу барысында 170 жарық шамы ауыстырылып, 8 шақырым электр кабелі жаңартылды. Сонымен қатар 10 бағана орнатылып, істен шыққан жарықтандыру жүйесі толық іске қосылды.
Жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын көше жарықтандырылды. Нәтижесінде ауыл тұрғындарының кешкі уақытта қауіпсіз қозғалысына жағдай жасалып, Қайнардың түнгі бейнесі айтарлықтай жақсарды.






