"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Чемпиондық рух»  спорттық шарасы өтті

26.09.2025
«Чемпиондық рух»  спорттық шарасы өтті
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының, Семей қаласының спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және облыстық мәслихат депутаты Қайырлы Қасеновтың қолдауымен ерекше спорттық іс-шара өткізілді. «Чемпиондық рух» деп аталатын бұл жоба аясында өткен таңғы жаттығу мен шеберлік сағаты жергілікті тұрғындарды салауатты өмір салтына шақырып, жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған.  Аталған «Баршаға арналған спорт» таңғы жаттығулар жобасының жетекшісі Бақытжан Қанапиянов.

Арбат алаңында өткен спорттық басқосуға 150-ге жуық жас қатысты. Шараға «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Садырбаев, пауэрлифтингтен әлем чемпионы, Семей қалалық мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаев және белгілі спортшылар қатысып, өздерінің жастарға деген қолдауларын білдіріп, сөз сөйледі. Шара барысында спортсүйер қауымға каратэден спорттық көрсетілімдер, ұлдар мен қыздар арасындағы түрлі спорттық жарыстар, қызықты байқаулар мен музыкалық нөмірлер ұсынылды. Сонымен қатар, әлеуметтік үндеулерге қосылып, жастарды белсенді азаматтық ұстанымға шақыратын бастамалар да айтылды.

«Чемпиондық рух»  спорттық шарасы өтті

– «Чемпиондық рух» жобасы – жастарға салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, олардың бойындағы қайсарлық пен отансүйгіштікті нығайтуға бағытталған бастама. Мұндай іс-шаралар ел болашағы – жастардың тұлғалық дамуына зор серпін береді, – деді «Абай облысы Семей қаласының  дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Қуат Исажанов. Сондай-ақ,   пауэрлифтингтен әлем чемпионы Андрей Алтайбаев өз тәжірибесімен бөлісіп, спорттың адам өміріндегі орнына тоқталды.

«Чемпиондық рух»  спорттық шарасы өтті

— Жастардың спортқа қызығушылығы артып келеді. Дәл осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, біз бүгінгі спорттың дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Және де салауатты өмір салтын ұстанудың нақты қағидаларын да жастарға жеткізіп, олардың бойына рух береміз. Чемпиондық Рух – білім мен ерік-жігерге негізделген күш, еліміздің әр өңіріндегі мыңдаған жастың бойына тәртіп пен тәрбие, спорт пен сана, рух пен парасат ұялататын бірегей жоба. «Чемпиондық Рух» жобасы еліміздің барлық аймақтарында «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен ауқымды кешенді жоспар аясында түрлі шаралармен тұрақты негізде жалғасын табуда. Сол үшін де ұйымдастырушыларға деген алғысымыз шексіз, — деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар өңір жастарының спортқа деген ынтасын арттыруға, жаңа спорттық бағыттарды дамытуға жол ашады. «Жастар рухы» алдағы уақытта да спорттық акциялар мен әлеуметтік бастамаларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

22 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС