"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өңір басшысы Мақаншыда тұрғындармен жүздесті: инфрақұрылым, әлеуметтік және агрожобалар талқыланды

26.09.2025
Өңір басшысы Мақаншыда тұрғындармен жүздесті: инфрақұрылым, әлеуметтік және агрожобалар талқыланды
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданының халқымен кездесті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзекті мәселелер және алдағы жоспарлар айтылды.

Алдымен аудан әкімі Дәурен Қойгелдин 2024–2025 жылдарға қатысты негізгі көрсеткіштерді баяндады. Биылғы 8 ай қорытындысы бойынша облыс экономикасында оң динамика сақталды: көлік саласында – 122,5%, құрылыс – 120,8%, ішкі сауда – 107,4%, ауыл шаруашылығы – 102,9%, өңдеу өнеркәсібі – 101,2%.

Ауыл шаруашылығында Мақаншының үлесі айрықша. Егіс алқабы 64,5 мың гектарды құрайды. «Кең дала – 2» бағдарламасы арқылы шаруалар 393 млн теңге несие алды, техника паркі 9 жаңа бірлікпен толықты. Жалпы құны 21 млрд теңгені қамтитын төрт инвестициялық жоба жоспарланған. Бұған қоса, құны 15 млрд теңге болатын, 228 жұмыс орнын ашуға негізделген үш жоба жүзеге асуда.

Өңір басшысы Мақаншыда тұрғындармен жүздесті: инфрақұрылым, әлеуметтік және агрожобалар талқыланды

Әлеуметтік салада биыл 118 пәтер пайдалануға берілмек. 14 мектеп пен Балалар шығармашылығы үйі жөндеуден өтті, бірқатар білім ошағына жаңа пәндік кабинеттер мен автобус сатып алынды. Аудандық аурухана күрделі жөндеуден өтіп, заманауи медициналық техникамен жабдықталады. 1991 жылдан бері аяқталмай тұрған дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін іске қосылады.

Инженерлік инфрақұрылым жаңартылып жатыр: Қабанбай және Бекет ауылдарында ауызсу жобалары биыл тәмамдалады. Мақаншы мен Көкталдың көшелері жарықтандырылуда, аудан орталығындағы Арбат пен Жеңіс саябағы абаттандырылуда. Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алакөл жағалауын дамытуға облыстық бюджеттен 659 млн теңге бөлінді.

Мәдениет және спорт саласы да назарда. Қарабұлақ ауылында спорт модулі салынып жатыр. Аудандық Мәдениет үйінің «Інжу-Маржан» ансамбліне музыкалық аспаптар алынды, Балалар спорт мектебінің материалдық-техникалық базасы күшейтілуде.

Кездесу соңында аймақ басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. «Жарты жылдан астам уақытта атқарылған жұмысқа есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісу үшін келдік. Алакөлді айнала қонған ағайынның түйткілді мәселелерін білеміз. Барлық өзекті мәселе кезең-кезеңімен шешіледі», – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

3 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

3 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

10 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС