"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

29.09.2025
Семейде «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жеңімпаздар қатарында еңбек әулеті, жас жұмысшылардың тәлімгерлері, жұмысшы мамандық иелері бар.

Марапаттау рәсімі «Еңбекші жастар» фестивалі аясында өтті. Пленарлық сессия барысында жұмысшы жастардың болашағы және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ерсін Құдайбергеновтің айтуынша, байқаудың аймақтық кезеңіне түрлі саладан 20 өкіл қатысыпты.

– Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Оның негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың назарын осы салаларға аудару. «Еңбек күніне» орай «Еңбек жолы – 2025» байқауы өткізіледі. Оған әртүрлі саладағы 20 маман қатысып, «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» және «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациялары бойынша бақ сынады, – деді спикер.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы болып Әділхановтар әулеті танылды. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 233 жыл. Қазбек Әділханов – әкесі Идрис Әділхановтың еңбек дәстүрін жалғастырып, 1980 жылдан бері Аягөз жөндеу депосында жұмыс істейді. Бүгінде ол техникалық бақылау бөлімінің бастығына дейін көтерілген.

«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясында бірінші орынды «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкері Нұрлан Байбутинов иеленді. Оның еңбек өтілі – 21 жыл. Осы уақыт аралығында Нұрлан Байбутинов үздік қызметкер атанып, бірнеше мәрте марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.

«Үздік жас өндіріс қызметкері» атағына Айбар Айдарұлы лайық деп танылды. Ол әріптестеріне қарағанда ұзақ еңбек етіп үлгермесе де, қазірдің өзінде бірнеше күрделі жерасты мамандықтарын меңгеріп үлгерген. Сондай-ақ ол «Шығыстүстімет» ЖШС-де жұмыс істейді және тапсырмаларды стандарттан тыс тәсілдермен шешуге ұмтылады.

– Маған байқауға қатысуды ұсынғанда, күшімді сынап көруге бел будым. Қатысуға қажетті бейнероликтерді түсіріп, өтінім бердік. Әрине, жеңіске жеткеніме қатты қуаныштымын, бірақ бұл әзірге тек аймақтық кезең екенін ұмытпау керек. Алда – келесі кезең, қазір сол үшін дайындалу маңызды, – деді Айбар Айдарұлы.

Әр лауреат қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

3 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

7 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

7 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

7 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС