"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бесқарағайға демалушылар легі артып келеді

30.09.2025
Бесқарағайға демалушылар легі артып келеді
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бесқарағай ауданында туризм инфрақұрылымы кеңейіп, жаңа демалыс орындары ашылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, ауданда қазіргі таңда 2 қонақүй, «Елімай» демалыс базасы және 3 мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмыс істейді. Өткен жылы ішкі туризм аясында 922 қонақ қабылданған. «Семей орманы» табиғи резерваты аумағында жыл сайын 5 мыңнан астам адам баратын «Демалыс бұрышы» ұйымдастырылған. 2016 жылдан бері Глуховка ауылдық округіндегі «Елімай» табысты қызмет етіп келеді. Биыл Канонерка ауылдық округінде «Zhylandy Eco Village» демалыс орны іске қосылып, келешекте мейрамхана мен бассейн салу жоспарланып отыр, – деді Нұрбек Қошқарбаев.

Экотуризм мен балық шаруашылығын қатар дамыту бағытында Старая Крепость ауылында «Маклаков Наиль» жеке кәсіпкерлігі 100 тоннаға дейін өнім беретін балық өсіру-демалыс базасын ашты. Мұнда кемпірқосақ форелі, сібір бекіресі, сазан және тұқы өсірілетін алты жасанды тоған бар. Келушілерге арналған 80 орындық төрт кешен салынған, алдағы уақытта мейрамхана іске қосылады.

Глуховка ауылдық округінде «Шаңырақ» спорттық-сауықтыру кешені де пайдалануға берілуде. Кешен аумағында қонақүй, коттедждер, киіз үй пішініндегі мейрамхана, бассейн, футбол алаңы және жазғы беседкалар қарастырылған.

Ауданның туристік әлеуеті табиғи байлыққа негізделген: қайталанбас қарағайлы орман, Ертіс өзені және халық арасында емдік қасиетімен танымал «Шипалы» көлі орналасқан. Биыл облыс әкімі Берік Уәліұлының қолдауымен аталған көлге электр энергиясын тарту жобасы мақұлданып, облыстың инвестициялық жобалар тізіміне енді.

Ағымдағы жылы «Aisua Trade» ЖШС «Шипалы» көлінің жағасында заманауи шипажай салуды жоспарлап отыр. Жоба шеңберінде 180 орындық қонақүй кешені, жайлы коттедждер, мейрамхана, монша және демалушыларға арналған өзге де инфрақұрылым бой көтермек. Осы бастамалар жүзеге асқан соң, Бесқарағай ауданы ішкі туризм картасындағы тартымды бағыттардың біріне айналуы күтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 час бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 час бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

9 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС