"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«… БАТЫР ҚЫЗЫ СЕН ХАЛҚЫМНЫҢ»

20.02.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақпанның он сегізі күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне арнайы еске алу күні өткізілді. Шара аясында Қазақ инновациялық гуманитарлық—заң университетінде салтанатты кеш ұйымдастырылды. Жиынға студенттермен бірге, соғыс және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.

{jcomments on}Шараны өткізудегі негізгі мақсат – өскелең ұрпаққа соғыс кезінде елін, жерін қорғаған батырларымыз туралы ақпар беру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Майдан даласында ерен ерлік көрсеткен Әлия Молдағұлованы еске алу күні аясында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері Жеңіс саябағында бір минуттық үнсіздік жариялап, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Соғыс және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ардагерлері, студенттер қатысқан салтанатты жиын барысында Қазақ халқының батыр қызы туралы, соғысқа аттанған кезі жайлы мәліметтер берілген деректі фильм көрсетілді. Әлия Молдағұлованың есімі бұл күнде Отанға деген адалдық пен туған елге деген сүйіспеншіліктің символы іспеттес. Ол 1925 жылы Ақтөбе облысы  Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келді. 1935 жылдан бастап Ленинград қаласындағы балалар үйінің бірінде тәрбиеленіп білім алған. Соғыс басталған кезде, алғашқылардың бірі болып, майданға аттануға ниет білдірген. 1942 жылы бірнеше мәрте өтініш жазғаннан кейін мергендер дайындайтын мектепке қабылданды. Оқуын үздік бағаға бітірген қайсар қыз, сол мектепте нұсқаушы болып қалуға ұсыныс жасалғанына қарамастан, әскер қатарына қосуға өтініш білдірген. Майдан шебінде ұрыстар кезінде ол талай мәрте ерлігімен танылып, жүзден астам жау сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. Бірнеше мәрте шайқастар барысында қаруластарын шабуылға бастап шықты. 1944 жылы қаңтардың он төрті күні Калинин облысы Казачиха ауылы үшін болған ұрыс кезінде қаза тапты. Майдан шебінде көрсеткен ерлігі үшін Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын иеленді.

Сондай-ақ жиын барысында Әлия Молдағұлованың көрсеткен ерліктері хақында сыр шертетін «Мергендер» көркем фильмінен үзінділер көрсетілді. Жиналғандар назарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Патриоттық тақырыптағы және Жеңіс туралы әндер орындалып, өлеңдер оқылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

3 часа бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

3 часа бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

3 часа бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

3 часа бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

3 часа бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

3 часа бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

8 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

1 день бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 день бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС