"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР

20.02.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Дүниежүзі мемлекеттерінде экономикалық дағдарыс болып жатыр» дегенді күнде естудеміз. Телеарналар, газеттер, жалпы, ақпарат көздерінің барлығы осы жайлы хабарлар беруде. Кейбір елдерде зейнетақы сияқты төлемдердің шегеріліп жатқаны туралы мәліметтер таратылып келеді. Осының өзі экономикалық дағдарыс деген құбылыстың нақты бір көрінісі болса керек. Бұл — жалпы жұртшылыққа белгілі жайт. Бізде ше? Біздің елімізде ондай жағдай орын алған емес. Зейнет-ақы, жалақы, жәрдемақы сияқты төлемдер уақытында төленгенімен қатар, жүйелі түрде көлемі өсірілуде. Яғни, Мемлекет басшысы айтқандай, халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді жүйелі түрде орындап отыруға мүмкіндік бар деген сөз. Ал мұның, өз кезегінде, елімізде экономикалық даму қарқынының сақталып отырғанының дәлелі екені айтпаса да түсінікті. Шүкіршілік айтайық. Ойымды өрбіте келе, төрткүл дүниедегі елдердің көпшілігі тұрақсыздыққа тап болып, тығырыққа тірелген шақта, біздің мемлекетіміздің кедергі атаулының барлығын еркін еңсеріп, өркендеу жылдамдығының өсе түсуінің сыры неде деген сұраққа жауап беруді жөн санаймын. Оның бір-ақ жауабы бар. Еліміздің осынау өтпелі кезеңде де тұрақты даму қарқынын сақтауы  жүргізіліп келе жатқан сарабдал саясаттың жемісі деп түсінген абзал. Қария, зейнеткер ретінде менің мемлекетіміздегі ахуалға қатысты пікірім, міне, осы. Бұл ретте өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері тарапынан жасалған Еліміздегі Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысын дер кезінде айтылған ұтымды ой деп айтқым келіп отыр. Себебі ол кісілер аталмыш бастаманың қажеттілігі, ел үшін мәні мен маңызы, керектігі жайлы тәптіштеп тұрып түсіндіріп берді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері мынадай дәйектер келтірді:

{jcomments on}- Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста, сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады. Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл бастамаға, шын мәнінде, басқа балама жоқ.

 

Үндеудің мәтінінде мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныстар айтылып, барлық өңірлерден азаматтар хабарласқаны анық айтылған. Осының өзі бұл бастаманың жекелеген ұйым тарапынан ғана емес, жалпы халық атынан қозғалғанын білдіреді. Сол себепті бастаманы халықтық бастама деп айтуға толық негіз бар. Халық айтса, қалып айтпайды. Сондықтан мен жалпы елімізге ортақ бастаманы қолдайтынымды айтқым келеді.

 

Бәтима ТӨЛЕУБАЕВА,

зейнеткер, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС