"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

21.10.2025
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін KIA Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа және компанияға шынайы ризашылығын білдіріп, ауқымды жұмыс атқарылғанын, нәтижесінде өзара тиімді және жемісті байланыс нығая түскенін атап өтті.

– Жалпы, бүгінгі айтулы оқиға Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестік пен табысты қарым-қатынастың жарқын көрінісі екені анық. Корея Республикасы – Қазақстанның Азиядағы сенімді әріптесі. Біз ынтымақтастығымызды күшейте түсуге мүдделіміз. Қазір Қазақстанда Кореяның 800-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде автокөлік жасау саласын өзара тиімді ықпалдастық көзі деп айтуға толық негіз бар. Бүгін ашылып жатқан бірегей зауыт – соның айқын дәлелі. КІА корпорациясы автомобиль шығаратын әлемдегі 10 ірі компанияның қатарына кіреді. Сондай-ақ КІА – Қазақстан азаматтары ең көп сатып алатын үш көлік маркасының бірі. KIA брендінің атауы «көтеріліп келе жатқан» және «Азия» деген екі иероглифтен құралуының символдық мәні бар. Шын мәнінде, компания Азияның жаңа экономикалық өрлеуі мен гүлденуінің жарқын көрінісіне айналды. KIA – келешектің корпорациясы. Кәсіпорын шығаратын автокөліктерде озық технология, тартымды дизайн және жоғары деңгейдегі сенімділік үйлесім тапқан, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA компаниясы әлеуметтік жауапкершілік аясында адам капиталын дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келе жатқанына тоқталды.

– Әлемдік автоалпауыт еліміздегі зауытты іске қоспай тұрып, Қазақстан және Корея университеттерімен, колледждерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қоя бастады. Бұдан бөлек, білікті кадрларды даярлау үшін компания корпоративтік оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. KIA осы арқылы қызметкерлерге қамқорлық – ұйым мәдениетінің маңызды бөлшегі екенін көрсетеді. Бұл шынайы құрмет пен ниеттестік ортасын қалыптастырады. Жұмысшы мамандарға дәл осындай қарым-қатынас қоғамда еңбекқорлық пен әлеуметтік әділдік құндылықтарының орнығуына септігін тигізеді. Зауытта өндіріс локализациясына екпін қойылып отыр. Бұл шығарылатын өнімдегі қазақстандық үлесті едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың есебінше, автозауыттағы әрбір жұмыс орны логистика, сервис, инфрақұрылым салаларында жанама түрде бес-алты адамды жұмыспен қамтуға ықпал етеді. Бұл – жай ғана өндіріс желісінің кеңеюі емес, толық өнеркәсіп кластерін қалыптастыру үшін жасалған зор қадам. Мұндай жүйеде шағын және орта бизнес тұрақты дамуға мүмкіндік алады. Өндірісті ұйымдастырудың осындай кешенді тәсілі Қостанай облысының ғана емес, тұтас еліміздің индустриялық әлеуетін күшейтеді. KIA зауыты қазақстандық автоөнеркәсіптің өркендеуіне тың серпін беретініне сенімдімін. Жаңа кәсіпорынның жұмысы отандық автопарктің жаңаруына септігін тигізеді. Ол қалалар мен күре жолдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне оң әсер етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттің машина жасау саласына баса мән беретінін жеткізді.

– Былтыр осы салаға 290 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда екі жарым есе көп. Осы үрдіс биыл да жалғасуда. Жыл басынан бері осы салаға 178 миллиард теңге қаражат салынды. Инвесторлар Қазақстанға зор қызығушылық танытып отыр. Ауқымды шаралардың нәтижесінде бұл бағытта бірқатар табысқа қол жеткіздік. Өткен жылы елімізде 145 мыңнан астам көлік шығарылды. Астана, Алматы, Семей, Орал, Көкшетау, Қостанай және Саран қалаларында автокөлік өндірісіне қатысты кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Он мыңнан астам азаматымыз осы салада еңбек етеді. Оның жартысына жуығы – жастар. Ал Қостанайдағы зауытта бір жарым мың адам жұмыс істейтін болады. Жұмысшылар жаңа дағдыларды игеріп, білікті маман ретінде қалыптасады. Алдағы уақытта кәсіпорын инженерлердің нағыз шеберханасы болады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты.

– Соған сәйкес енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

– Біз Сіздің қазақ-корей ынтымақтастығының дамуына, қос халықтың арасындағы достықтың нығаюына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Шын мәнінде, еліміздің автокөлік саласын дамытуға сіңірген еңбегіңіз мол, – деді Президент.

KIA Qazaqstan зауытын салу туралы шешім 2023 жылы қабылданды. Кәсіпорын Қостанай қаласының индустриялық аймағындағы 62,95 гектар аумақта орналасқан. Зауыт жылына 70 мың көлік өндіре алады. Инвестиция көлемі – 131,5 миллиард теңге. Кәсіпорында 1500 жұмыс орны ашылған. Ал оның өнімі Қазақстанға, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің нарықтарына шығарылады.

Ұқсас жаңалықтар

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07.07.2026

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат (2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы...

Толығырақ...Details

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

11 часов бұрын

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

2 дня бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

2 дня бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

4 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

4 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

4 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

5 дней бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

5 дней бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

5 дней бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС