"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ГАСТРОЛЬДІК САПАР СЕМЕЙДЕН БАСТАУ АЛДЫ

28.02.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай ауданының «Айгөлек» балалар ән—би ансамблі гастрольдік сапармен Семейге келді. Ұлылар елінің өрелі өрендерінің өнерін тамашалау үшін Абай театрында өткен концертке қала жұрты көптеп жиналды.

{jcomments on}Абай ауданы қашан да өнер мен әдебиеттің, мәдениеттің кіндігі саналған. Тарихқа көз жүгіртсек, 1980-1990 жылдары аудандық «Балдәурен» балалар ансамблі Германияға барып қазақ өнерін паш еткен екен. Кейіннен штаттың қысқаруына байланысты өнер ұжымы таратылған. Десе де «бұлақтың көзін ашатын» аудандық «Жауқазын», «Ақбота», «Жас керуен», «Жас қанат» сияқты өнер байқаулары жыл сайын ұйымдастырылған. Тіпті Шара апаларының жолын қуған «Өрнек» бишілер тобы республикалық «Айгөлек» байқауынан жүлделі орын алып, Абай елінің атын асқақтатып қайтқан. Бұл жетістіктерді ескерген аудан басшылығы ансамбль құруға тапсырма беріп, нәтижесінде Тұрсынғазы Жантұяқұлының қолдауымен ансамбль жұмыс жасауда. Ұжымға жетекшілік ету өнер саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар ҚР-ның мәдениет қайраткері Нағия Бұланбаеваға жүктелген екен.

— Абай ауданында ұлттық дәстүрді, көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту, аудан тұрғындарының демалысы мен бос уақытын сәнді де мәнді өткізуде ерекше белсенділік танытып жүрген «Қаламқас» халық ән-би ансамблі бар. «Айгөлек» — сол «Қаламқастың» сіңлісіндей  балғындардың талантын танытуға, өнерге баулуға жол ашатын балалар ұжымы. Жалпы, ансамбльдің құрылғаннан бері бірінші рет гастрольге шығып, үлкен концерт беріп отырған жайы бар. Өнердегі алғашқы қадамымызды киелі Семей топырағында, Абай театрынан бастауымыздың да мәні бар. Мұндағы мақсатымыз – өнерсүйер қауымның, талантты тарландардың, жалпы халықтың батасын алу, — деп атап өтті Нағия Бұланбаева.

 

Бұл бастаманы Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойымен байланыстырған Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев ансамбль ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

 

Абай атындағы театр залында ине шаншар орын болмады. Балғындардың бір тобы тыңдармандарын «Қазақ елі», «Семейім», «Атамекен толғауы» сынды әсем әндерімен әуелетсе, мың бұралған бишілер де көркем билерімен көпшілікті тәнті етті. Ал қос ішектен күй күмбірлеткен балалар көрерменді тамсандырмай қоймады. Жас өнерпаздарға тәнті болған көпшілік концерт соңында кішкентай өнер иелеріне риясыз ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді. Қазақтың өнерін насихаттап, төрткүл әлемге танытуға тілектестік білдірді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС