"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

03.11.2025
Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге бірнеше білім нысанын аралады. Сапар барысында материалдық-техникалық база, білім сапасын арттыру шаралары және кадр әлеуеті талқыланды.

Жарма ауданына барған делегация 2010 жылы ашылған Ақтайлақ би атындағы орта мектепте болды. Мұнда 226 оқушыға 40 педагог дәріс береді. 22 оқу кабинеті, 180 орындық акт залы, 96 орындық асхана, спорт залы және 14 мыңнан астам қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Мектеп оқушылары облыстық және республикалық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді: биыл 4 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, бірнеше түлек мемлекеттік грантқа түсті. Сондай-ақ «Ай қанат» жобасы аясында бірқатар гранттар жеңіп алынған.

Ауданның Суықбұлақ ауылында апатты мектептің орнына 100 орындық жаңа білім ошағы салынуда. Құрылыстың шамамен 40 пайызы аяқталған: бірінші қабат көтерілді, жеке спорттық блок қарастырылған. Нысан заманауи технологиямен жабдықталып, аулаға демалыс аймағы мен футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңдары орнатылады. Бұған дейін 1964 жылы балабақша ретінде салынған ескі ғимарат апатты деп танылып, бастауыш сыныптар сол жерде, 5–11-сынып оқушылары көрші ауылға автобуспен қатынап оқып келген. Жаңа мектептің іргетасы 18 маусымда қаланды, толық аяқталуы 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған.

Семей қаласында 1985 жылы ашылған №9 «Айгөлек» бөбекжайы инклюзивті білім берудің үлгісі ретінде таныстырылды. Қазір мұнда 284 бала тәрбиеленуде: 12 топтың алтауы — түзету бағытында. Мекемеде ресурстық инклюзивті кабинет, логопед және ұлттық құндылықтар кабинеттері, спорт және музыка залдары бар. 37 педагог қызмет етеді. Балабақша тәрбие процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізуімен ерекшеленеді.

Қорытындысында Жұлдыз Сүлейменова екі күнде үш ауданның нысандарын аралап, өңірде білім инфрақұрылымын жаңғырту, педагог мәртебесін көтеру және балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫбілім нысандарыЖарма ауданыЖұлдыз СүлейменоваСЕМЕЙ ҚАЛАСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

6 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

7 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

7 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

7 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

10 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

10 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

11 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

11 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

12 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС