"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰНАТҚАН КӘСІБІҢ – ТАУСЫЛМАС НӘСІБІҢ» дейді тарбағатайлық қыз-келіншектер

03.03.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел экономикасының дамуы кәсіпкерлік саласының жетілуіне де байланысты екені белгілі. Мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлыққа сүйене отырып, өзі ұнатқан кәсібін таңдап, қоғамда сұранысқа ие өнім өндіріп, өзіне де, өзгеге де пайдалы іс тындырып отырған қарапайым қыз-келіншектер Тарбағатай ауданында да жеткілікті.

{jcomments on}Солардың қатарында ақсуаттық кәсіпкер Нұргүл Оралбаева мен Жетіарал ауылының тұрғыны Аяулым Серікова да бар. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізінде несие алып тірлігін жасап, кәсіп-орын ашып, халыққа адал қызмет етіп, көпшіліктің алғысына бөленіп отырған Нұргүл мен Аяулымның кәсіпкерлік жобалары жайлы арулардың айтулы мерекесі қарсаңында ақпарат берудің реті келіп тұр.

Нұргүл Оралбаева Екпін ауылында тұрады. Ақсуаттағы орталық базардан шағын орын алып, тігін цехын ашқан. Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша бір миллион теңге несие алып, оған 3 түрлі іс тігетін машина сатып әкеліпті. Қазір ол, негізінен, қазақтың ұлттық киімдерін, үлкендерге арналған шапаннан бастап қыз балалардың би көйлегіне дейін тігеді. Тапсырыс болса, ою-өрнегін әдемілеп салып отырып көрпе мен жастық та жасайды.

— Іс тігу өнерін жас кезімде Зейнеп әжемнен үйренген едім. Ол кісі өте ісмер, тігінші адам болған. Сол кісінің өнегесін көріп өсіп, тігіншілік кәсіпті меңгеріп алдым. Осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Әртүрлі киімге тапсырыс беріп, дайын болған киімді қабылдап алған адамдардың қуанғанын көрудің өзі бір ғанибет. Соңғы кезде тапсырыс берушілер көбейіп келеді. Соған байланысты қасыма бір көмекші алсам деген ойым бар. Кәсібімді дамытып, өндіретін өнімімнің сапасын жақсарта түсуді мақсат етіп отырмын. Еңбектің ырыздығы мен қызығын көру — үлкен бақыт,- дейді Нұргүл Оралбаева.

Еңбексүйгіштігімен, іскерлігімен ауылдастарына танылған Аяулым Серікова Жетіарал ауылында кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашып, нан, тоқаш, бауырсақ пісіреді. Ауылдастары тапсырыс берсе, түрлі-түрлі торт жасайды. Ұннан жасалатын басқа да тәтті-дәмділерде есеп жоқ. Аяулымның өнімдері ауылдық округке қарасты Асусай, Қамысты, Жалғызтал ауылдарына дейін таралып, саудаланып жатады.

— «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шағын кәсіпорын ашып, мен сияқты өзін өзі жұмыспен қамтуға талпынғандарға өте қолайлы болып отыр. Бағдарлама бойынша алған қаражатыма нан, тоқаш пісіретін құрал-жабдықтар сатып алдым. Көмекшім Рабиға Досанова екеуіміз цехтың жұмысын біршама дұрыс жолға қойдық. Шығарған өнімдеріміз жұртшылықтың талап-талғамына лайық болса екен деп, уақытпен санаспай жұмыс істейміз,-дейді Аяулым Серікова.

Аяулым таяуда «Нұр Отан» партиясының қатарына өз өтінішімен қабылданған екен. Жігерлі жастың алдағы уақытта да ауылдастарын жақсы істерімен қуанта беретініне сенеміз.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

7 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС