"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ІСКЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ІЗЕТТІ ЖАН

03.03.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі күні ерлер мен әйелдердің еңбек нарығында терезесі тең екені даусыз. Жеке кәсібі ілгері басып, кәсібінен нәсіп тауып жүрген кәсіпкер әйелдер қазір қоғамның мықты тірегіне айналып отыр. Бесқарағай ауданында еңбегінің жемісін көріп жүрген, алға қойған міндеті мен көздеген мақсаты айқын, аудан экономикасының дамуына өзіндік үлес қосып отырған азаматшалар аз емес. Солардың  бірі – Мейрамгүл Биғожина. Ол 1967 жылы 9 мамырда Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылында дүниеге келген. Қарапайым әрі көпбалалы отбасында тәрбиеленген Мейрамгүл апай туған ауылында Абай орта мектебін тәмамдағаннан кейін хореограф мамандығын меңгереді. Ең алғашқы еңбек жолы 1985 жылы Бесқарағай аудандық Мәдениет үйінде басталса керек. Іс-тәжірибеден өтуге келген жас маман 1986 жылы отбасын құрып, осыдан бастап Бесқарағайдың келіні атан- ған екен. 1987-1999 жылдар аралығында клуб меңгерушісі, «Малыши» балалар бақшасының тәрбие-шісі, жұмыспен қамту бөлімінде жеткізуші, типография есепшісі және директоры қызметтерін де атқарған. Содан 2000 жылы Мейрамгүл Мүшенқызы жеке кәсібін бастауға бел буады. Қазіргі уақытта аудан орталығында орналасқан оның дүкеніне бас сұқпаған аудан тұрғыны қалмаған болар. Бұл дүкеннен күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың барлығын табуға болады. 13 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап тұрған дүкеннің иесі:

{jcomments on}-  Бастапқыда бұл дүкен кішкене ғана дүңгіршек болатын. Ең алдымен сол кездердегі сұраныс бойынша кеңсе заттары сатылды. Отырған орнымда жөндеу жұмысы мүлдем жүргізілмеген ескі ғимарат болатын. Құлаудың аз-ақ алдында тұрған ғимаратты жөндеуге ауқымды қаражат жұмсалды. Қосымша несие алып, ғимаратты бүгінгі жағдайға жеткіздік. 2006 жылы үй шаруашылығына қажетті заттар сатылатын дүкенімді аштым. Ғимаратта, сондай-ақ бөлмелерді жалға алып, өз кәсіптерін дөңгелеткен шаштараз, асхана, ломбард жұмыс жасайды, -дейді өз сөзінде.

 

Балалары Медет пен Анарды аялы алақанымен әлпештеп жеткізіп, болашақтарының жарқын болуы үшін, аянбай еңбектенген аяулы ана – отбасының тірегі. Бүгінгі таңда ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Мейрамгүл Мүшенқызы мен Совет Жаңбыршыұлы — екі  немере, екі жиен сүйіп отырған ата-әже. Осы күнге дейін аз қамтылған отбасыларға көрсеткен көмегі, мүмкіндіктері шектеулі балаларға танытқан қамқорлығы үшін бірнеше рет аудан әкімінің Алғыс хатымен  марапатталса, 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың ең үздік кәсіпкері» атанып, бағалы сыйлыққа ие болған екен. Еңбегі ескерусіз қалмай, өзіндей нәзік жандыларға үлгі бола білген Мейрамгүл Мүшенқызына денсаулық, шаңырағына шаттық, еңбегіне жеміс тілейміз.

 

Ә.ЗАИТОВА,

Бесқарағай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

27.07.2026
«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Алакөл...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

27.07.2026
Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Ресейдің Омбы қаласында XXIІ Қазақстан - Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Биылғы басқосу «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

27.07.2026
Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

Бүгін Ресей федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXIІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – жыл сайын экономика,...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

27.07.2026
Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

Бүгін Мақаншы ауданының Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

27.07.2026

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – меритократия. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бұл қағидат мемлекеттік қызметке...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

27.07.2026

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

15 часов бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

20 часов бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

20 часов бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

20 часов бұрын

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

21 час бұрын

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

21 час бұрын

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

5 дней бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

5 дней бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

5 дней бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС