"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АҚЫН ӨМІРІНЕН БІР СӘТ»

03.03.2015

Абайдың мемлекеттік қорық—мұражайы мен ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесіп, Абай мұрасын зерттеуші, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бөжеевтің туғанына 105 жыл толуына орай,  «Мұратбек Бөжеев — әдебиет тарихын зерттеуші» атты ғылыми—теориялық конференция ұйымдастырды.

{jcomments on}Абайды алғаш зерттеушілердің бірі Мұратбек Бөжеев 1910 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қарасты Шұбартау өңірінде дүниеге келген. 1925 жылы Семейдегі қазақ педагогикалық техникумын бітіріп, Қарқаралыда мұғалімдер курсында әдебиет пәнінен сабақ береді.

1932 жылы Мәскеудегі педагогика институтын, сондағы тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасын тәмамдайды. 1938-1941 жылдары КазПИ мен Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық ете жүріп, М.Әуезовпен бірге 1940 жылы Абайдың екі томдық шығармалар жинағын дайындауға қатысады. 1942 жылы жас ғалым жазықсыз айыпталып, ұзақ жылдар сталиндік лагерьде қамауда болады. 1956 жылы толық ақталады. Талқыға мойымаған, рухын жоғалтпаған қайсар ғалым ғылым жолына қайта түседі. Ал 1960 жылы «Абай Құнанбаев шығармашылығының идеялық-көркемдік ерекшеліктері туралы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

 

М.Бөжеев М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейін ұйымдастырушылардың бірі болады, кейін ұлы жазушының 12 томдық шығармалар жинағын дайындап, ғылыми түсініктерін жазуға қатысады. 1966, 1972 жылдары         М.Әуезов шығармашылығы бойынша көрсеткішті дайындап шығарады. 1973 жылы «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дамуының идеялық-көркемдік ерекшеліктері» атты тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығады. Ал 1974 жылдан 1980 жылға дейін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер   институтының Текстология және қолжазбалар бөлімінде қызмет істеді.

 

Конференцияда ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, профессор С.Қорабай «Сан қырлы талант», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті педагогика жоғары мектебінің директоры, ф.ғ.д., профессор А.Еспенбетов «Абай мұрасын зерттеуші», Абай қорық-мұражайы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева «М.Бөжеевтің ғылыми мұрасы», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері А.Ахметова «М.Бөжеев және әуезовтану мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады. Ғалымның қызы, кинорежиссер А.Бөжеева әкесі туралы естеліктер айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Конференция барысында М.Бөжеевтің «Замана кейіпкерлері» кітабының және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Ғылыми қазына» сериясы бойынша дайындап шығарған ғалымның еңбегі енген 28-томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Ғалымның кітабы қаланың кітапханаларына және зиялы қауым өкілдеріне табысталды. Жиналған қауымға «Ақын өмірінен бір сәт» атты М.Бөжеев туралы бейнефильм көрсетілді. Өткізілген шараға қаланың зиялы қауымы, ғалымның жерлестері, мектеп ұстаздары мен студенттер қатысты.

М. МҰХАМЕДОВА,

Абай мұражайының жетекші ғылыми қызметкері.

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

13 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

13 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

13 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

16 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС