"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Дамудың жаңа серпіні: Абай облысында қоғам әлеуеті нығайды

11.11.2025
Дамудың жаңа серпіні: Абай облысында қоғам әлеуеті нығайды
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында спорт, жастар саясаты, мәдениет және білім беру сияқты негізгі әлеуметтік бағыттар тұрақты дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов мәлімдеді.

Әкімнің қолдауымен өңірде спорт қарқынды дамып келеді.Бүгінде 72 спорт түрі даму үстінде.Биыл Абай облысынан 451 спортшы Қазақстанның ұлттық құрамасына енді. Мейірлан Рахановтың айтуынша, бұл көрсеткіш соңғы үш жылда тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

– Біздің спортшылар халықаралық аренада өздерін сенімді түрде көрсетіп жүр. Азия және әлем чемпионаттарында 183 медаль жеңіп алса, ел ішіндегі жарыстарда 1 200-ден астам жүлде иеленді. Бұл – өңірде бұқаралық және кәсіби спортты дамыту бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі, – деді әкімнің орынбасары.

Облыста 48 спорт федерациясы жұмыс істейді, 26 мекемеде 14 мыңнан астам адам тұрақты түрде жаттығады.

Абай облысында 150 217 жас азамат тұрады – бұл өңір халқының төрттен бірі. Облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен биыл жастар саясаты жөніндегі жеке басқарма құрылды.

– Жыл басынан бері 149 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 1,5 мыңнан астам жас қатысты. Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 7 106 жас жұмысқа орналасты. Оның ішінде 411-і – ұлттық жобалар бойынша, 2 307-і – жәрмеңкелер арқылы, 2 596-сы – “10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны” президенттік бастамасы аясында, ал 1 792-сі – субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан, – дейді Мейірлан Раханов.

Спикердің айтуынша, жастарды тұрғын үймен қамту мәселесі де бақылауда. Кезекте 15 549 адам тұр, ал биыл түрлі тұрғын үй бағдарламалары арқылы 413 жас пәтер алған.

Абай облысының мәдениет саласы да жүйелі түрде дамып келеді. Өңірде 296 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, онда екі мыңнан астам маман, негізінен ауылдық жерлерде, еңбек етуде.

– Жыл басынан бері ондаған маңызды іс-шара өтті, соның ішінде “Абай елі – өнер кеніші” байқауы 1 500-ге жуық қатысушыны жинады. Жеңімпаздарға 1 миллион теңгеден сыйақы берілді. Абайдың 180 жылдығына орай 50 мыңнан астам адам қатысқан 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды, – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

6 мәдени нысан жөндеуден өтті, оның ішінде Шар және Қарауыл ауылдарындағы мәдениет үйлері, Ф.М. Достоевский мұражайы, Абай атындағы театр, облыстық кітапхана және мұрағат бар. Республикалық бюджет есебінен өлкетану мұражайының күрделі жөндеуі жүргізілуде, ал Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылында “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 100 орындық ауыл клубы салынып жатыр.

“Келешек мектебі” ұлттық жобасы аясында өңірде 2 700 орындық төрт жаңа мектеп пайдалануға берілді. Абай облысында 177 балабақша мен 191 шағын орталық жұмыс істейді, кезекте шамамен 5,8 мың бала бар.

– Кезекті азайту үшін биыл бес жекеменшік балабақша ашылды, Мақаншы ауылында 140 орындық балабақша салу бойынша құжаттар дайындалып жатыр.Облыста 311 мектеп бар, жаңа оқу жылында 100 мыңнан астам оқушы білім алуда. Семейде 500 орындық Оқушылар сарайының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, – деді Мейірлан Раханов.

Сондай-ақ Семей мен ауылдарда жаңа мектептер салынып жатыр, ал “Қазақстан халқына” қоры арқылы 36 мектепке 58 заманауи оқу кабинеті берілді. Тағы 4 оқу орнының әрқайсысы 250 миллион теңгеге жабдықтар мен жиһазбен қамтамасыз етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС