"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

03.03.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалық етуімен әкімдіктің отырысы өтті.

{jcomments on}Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорындар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Басқосудың күн тәртібінде қаралған бірінші мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының іске асырылу барысы туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев  баяндама жасады.

«Ішкі саясат бөлімімен ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар бойынша тиісті жұмыс атқарылды», — деген бөлім басшысы А.Садырбаев, аталған бағытта жұмыс жасау мақсатында ақпараттық-насихаттау топтарын қайта қалыптастыру жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күні қалада қалалық мәслихат депутаттары, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, ғалымдар мен зиялы қауым, азаматтық институт өкілдері, БАҚ өкілдері және жастар арасынан 361 адам құрамына кірген 67 топ жұмыс істеуде.

— 2015 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша әртүрлі деңгейдегі ақпараттық-насихат топтары 51,5 мың адамды, немесе жалпы халық санының 15,1 пайызын қамти отырып, 347 іс-шара өткізілді. Тұрғындармен өтетін кездесулер сияқты дәстүрлі іс-шаралардан бөлек, жергілікті басылымдар мен электронды БАҚ, сондай-ақ әлеуметтік желілердің де әлеуеті кеңінен пайдаланылуда, — деген Айдар Садырбаев, Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көрсетілген жеті бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

Қала әкімі Айбек Кәрімов бөлім басшысына сала мамандарымен бірлесе жұмыс жасап, нақты атқарылып жатқан жұмыстарға баса назар аудару керектігін атап өтті. Ол сондай-ақ Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

— Бірінші, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселесіне тоқталайық. Шынымен, біз «Солтүстік» көлік-логистикалық орталығы дегеніміз не?» дегенді кеңінен түсіндіруіміз керек. Бұл ретте аталмыш сала мамандарына, бөлім басшыларына нысанның аумағын анықтап, кеңейтудің жолын қарастыруды тапсырамын. Аумақта жақсы жұмыстар атқарылып жатыр. Ең бастысы, аталған ауданда Президент Н.Назарбаев зияткерлік мектебі, Семей мемлекеттік медицина университетінің жатақханалары, көптеген әлеуметтік маңызды нысандар болады. Енді «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығымен жұмыс жасаңыздар. Аукцион арқылы жер берілгенімен, бюджетке қаражат түспесе, ескерту жасап, жерді кейін қайтарып алыңыздар. Ол жерге құрылыс жүргізетін басқа адамдарды табамыз, бұл жерде мәселе жоқ, — деген Айбек Мүталапханұлы Елбасы Жолдауында көрсетілген негізгі бағыттарды нақты іспен жүзеге асыру керек екенін атап өтті.

Айбек Кәрімов энергетика инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да баса назар аударып, Жолдаудағы энергетика инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғарғы кернеулі желілерді құру қажеттігін жеткізді.

— Осы жұмыстарды кеңінен насихат-тауымыз керек. Өткен жылы және       биылғы жылы да ауқымды инвестициялар тартылды. Ауқымды құрылыс жұмыс-тары жүргізілуде. Сондықтан жұмыстарды көрсете білуіміз керек, — деді Айбек Мүталапханұлы.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Семей қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасының 2014 жылғы іске асырылу қорытындылары туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады.

Бөлім басшысының айтуынша, бағдарламаның бес бағыты бойынша 17 мақсат, 32 мақсатты индикатор мен 56 тікелей нәтиже көрсеткіші қарастырыл-ған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен ұсы-нылған жедел есептілік негізінде Бағдарламаның жүзеге асу барысына мониторинг жүргізіліпті. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекованың баяндамасы тыңдалып және талқыланғаннан кейін, қала әкімі Айбек Кәрімов:

— Семей қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының 2014 жылғы іске асырылу қорытындылары жаман емес. Тұрғындар алдындағы қала әкімінің есебінде де негізгі міндеттердің орындалғанын айтып өткен болатынмын. Бір айта кетерлігі, жылды жақсы аяқтағанымызбен, өткен жылы бюджет параметрлерінде олқылықтар болды. Биылғы жылы ол кемшіліктерді қайталамауымыз керек, — деген Айбек Мүталапханұлы бөлім басшысына мұқият болуды тапсырды.

Үшінші мәселе — инженерлік инфрақұрылымның дайындық барысы туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұрат Шәкерімов  баяндады.

Баяндамасын «Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша коммуналдық сектор        инфрақұрылымының тозуы орташа есеппен 70 пайызды құрайды», — деп  бастаған Мұрат Шәкерімовтің сөзіне қала әкімі Айбек Кәрімов:

— Бірден келісіп алайық. Барлық коммуналдық сектор инфрақұрылымының тозуы сіз келтірген 70 пайызды құрайтынына күмәнім бар. Бірден айтамын, қайта қарастырыңыздар. Кезінде осы сан айтылған. Қазір соны еш өзгеріссіз қайталап айтып жүрміз. Қаншама жаңа желілер салынып жатыр. Құрылыс жұ-мыстары жүргізілуде. Ондай көрсеткіш шықпайды деп ойлаймын. Сондықтан осындай мәлімдемелерді қысқарту керек, — деді.

Одан кейін қала басшысы шаһарды сумен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде сұрады. Бұл бағытта «Семей Водоканал» МКК екі жоба әзірлеген. Алғашқысы құны 10,026 млн. теңге болатын Достоевский көшесін сумен қамтамасыз ету желісін күрделі жөндеу болса, екінші жоба — Қосанов көшесінен Аюченко көшесіне дейінгі Ш.Уәлиханов көшесі бойындағы су құбырын қайта жаңғырту. Бұл жұмыстарға 74,3 млн. теңге жұмсалуы көзделуде.

Сонымен қатар жиын барысында қосымша мәселелер қаралды. «2014 жылдағы қала бюджетінің орындалу қорытындысы туралы» өз кезегінде  қаржы бөлімі басшысының орынбасары Мария Осадчая баяндады. Қала әкімдігінің мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Қала әкімі  нақты тапсырмалар беріп, әкімдік мәжілісін қорытындылады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС