"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.03.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өңір халқымен есепті кездесуі өтті.

{jcomments on}Облыс әкімінің есептік кездесуіне, өңір халқымен бірге, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты Талғатбек Абайділдин, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Виктор Киянский қатысты.

Есепті кездесудің басында Даниал Ахметов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында белгіленген          тапсырма аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

— «Нұрлы Жол» – бұл елімізді көшбасшылыққа    бастайтын «қазақстандық даму жолы». Мемлекет басшысы атқарылатын барлық шаруаға үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Жаңа экономикалық Саясаттың инвестициялық жобаларын іске асыруда нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, экономикалық кедергілерге қарамастан, Шығыс Қазақстан негізгі стратегиялық мақсаттарды табысты жүзеге асырды, — деді Д.Ахметов.

Аймақ басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) тұрақты өсімін айтып өтті. Экономиканың базалық салаларын дамыту есебінен Шығыс Қазақстанның ЖӨӨ-і 2,2 трлн. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш, макроэкономикалық өсіммен, 2013 жылмен салыстырғанда 2,5 %-ға артық.

— 2014 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 2013 жылмен салыстырғанда, 10% өсіммен, 1098 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Тау-кен байыту өнеркәсібінің көлемі,                6,2 % өсіммен, 102,5 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі үлесін (83,1%) өңдеу өнеркәсібі құраса, 2014 жылға ішкі сала өндірісінің көлемі 10,2 %-ға артты, — деді Д.Ахметов.

 

Есептік кездесуде белгілі болғандай, жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 4,8 %-ды (2013 жылы 5,1 %) құрап, өңірде әр салада 20,2 мың жұмыс орны ашылған. Д.Ахметовтің айтуынша, аймақта жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін 2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға 11 млрд. теңге жұмылдырылмақ.

 

ШҚО әкімі Даниал Ахметов халық алдында өткізген есептік кездесуде өңірлік инновациялық өнімнің бестен бірі Шығыс Қазақстанда өндірілетінін мәлімдеді.

Есептік кездесуде аймақ басшысы мәлімдегендей, соңғы 2 жылда өңірлік жалпы өнім құрылымындағы инновациялық өнім 2,5 есеге өсіп, өткен жылы өнім көлемі 109,4 млрд. теңгеге артқан. Бүгінгі күні облыс аумағында «Қазмырыш» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «АЕS Өскемен ЖЭО» АҚ, «Согрин ЖЭС», «Семей қаласының цемент зауыты», «Азия Авто» АҚ сынды 75 мың адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар өткен жылы               1 трлн. 98 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен     салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық.

Сонымен қатар, жүйеқұрастырушы кәсіпорындардың тауарды сатып алу, жұмысы мен қызметі 257 млрд. теңгені құрап, соның ішінде жергілікті қамтудың үлесі 120 млрд. теңгеге жеткен.

— Облыстың  тауар өндірушілерінен ұлттық компаниялармен сатып алу көлемі 2013 жылғы деңгейден 1,7 есеге артып, 93 млрд. теңгені құрады, келісімшарттар саны 30%-ға артты. Аймағымыздағы ірі кәсіпорындар мен отандық тауар өндірушілердің серіктестігі арқасында өңіріміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеміз, — деді Д.Ахметов.

Облыс басшысының халық алдындағы есептік кездесуі барысында Даниал Кенжетайұлына өңір тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды.

ШҚО ақпарат орталығы.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС