"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Серіктестік серпін береді

12.11.2025
Серіктестік серпін береді
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2025 жылғы 6 қарашада Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Сиань Цзяотун университетінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасының озық ғылыми-технологиялық жетістіктерімен алмасу жөніндегі халықаралық конференциясы аясында Сиань Цзяотун университеті (ҚХР)  тарапынан Шәкәрім университетіне (Қазақстан Республикасы) «Электрлік автоматтандыру жөніндегі Қазақстан-Қытай  бірлескен зертханасына» арналған жабдықтардың алғашқы партиясының естелік сертификаты  табыс етілді.

Сиань қаласында өткен «Бір белдеу – бір жол» бастамасына арналған халықаралық конференция  аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара серіктестіктің жаңа белеске көтерілгенін көрсетеді.

 

Ғылым мен технология: идеядан нақты жобаға

Қазақстан Президентінің стратегиясы мен ҚХР Төрағасының бастамасы аясында

Қазақстан мен Қытай арасындағы қазіргі заманғы ғылыми және білім беру серіктестігі екі мемлекет басшыларының үйлесімді стратегиялық бағытына — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұлт қалыптастыру және академиялық көшбасшылықтың жаңа орталықтарын дамыту жөніндегі стратегиялық курсы мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу – бір жол» бастамасына негізделген.

Осы ұстанымдар Қазақстан мен Қытайдың бірлескен академиялық бастамаларының өзегіне айналып, бүгінде олар нақты нәтижеге бағытталған жобалар – ғылыми зертханалар, мәдени орталықтар және зерттеу альянстары түрінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының ресми делегациясын Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мен Shakarim University ректоры Думан Орынбеков бастап барды.

Бұл  2025 жылғы 16 маусымда Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында екі ел арасында жасалған келісімнің нақты жүзеге асуы.

Жаңадан  құрылатын  зертхана екі ел арасындағы технология алмасу мен өндірістік серіктестікті дамытуда маңызды рөл атқарып, ғылыми жаңалықтарға негізделген ортақ экономикалық тізбектің дамуын жылдамдатады. Жобаның негізгі мақсаты – өңірдегі инновацияларды дамыту, өндірісті жаңарту және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту.

Сондай-ақ, зертхана логистика саласындағы жаңа технологияларды зерттеу мен дамытуға бағытталады. Мұнда автоматтандыру, ақылды логистика жүйелері мен логистикалық саланы жетілдіруге арналған арнайы платформа құрылады. Ол толықтай Абай облысының өңірлік инновациялық платформасына интеграцияланып, қазақстандық инженерлік ғылымның жаңа тынысын ашады деп күтіліп отыр.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова атап өткендей:

«Бұл зертхана – идеядан нақты іске айналған серіктестіктің айқын нәтижесі. Ғылым мен технология саласындағы осындай ынтымақтастық – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инновациялық даму және интеллектуалды ұлт қалыптастыру стратегиясымен үндес». 

Серіктестік серпін береді

Ғылым – болашаққа ашылған есік

Сиань Цзяотун университетімен әріптестік негізінде іске қосылған Электрлік автоматтандыру жөніндегі бірлескен зертхана – Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-инновациялық ынтымақтастықтың жаңа белесі. Бұл бастама екі елдің инженерлік әлеуетін біріктіріп, білім мен өндірістің өзара байланысын нығайтады.

Бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инновациялық даму мен ашық білім беру саясатын нақты жүзеге асыруға қызмет ететін, елдегі ғылыми зерттеулерді, жоғары технологиялық жобаларды және білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды қадамы деуге болады.  Сонымен қатар, бұл Қазақстан мен халықаралық серіктес елдер арасындағы ғылыми-инновациялық диалогты нығайтып, жас ғалымдар мен инженерлерге тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды игеру және өндірістік шешімдерді халықаралық стандарттар деңгейінде жүзеге асыру мүмкіндігін ашады. Осындай бастамалардың өңірлік университеттердің ғылыми әлеуетін арттырып, инновациялық экожүйенің дамуына және Қазақстанның интеллектуалды көшбасшылық позициясын нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. 

Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС