"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЖУСАНДЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ»

12.11.2025
«ЖУСАНДЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ»
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әйгілі «Ауылым» әнінің сөзін жазған белгілі ақын — ҚР мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, Үржар ауданының Құрметті азаматы Жабайыл Бейсеновтің есімі қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орын алады. Алакөл жағасында ғұмыр кешіп-ақ ауылын жырлаған ақынды Қабдеш Жұмаділов, Тұрсын Жұртбай, Несіпбек Айтұлы секілді зиялы қауым қадір тұтты.

Үржар ауданында «Жусанды дала жыршысы» тақырыбында мектеп оқушылары арасында «Жабайыл оқулары» өтті. Жабайыл Бейсеновтің шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа ауданның 14 мектебінен 33 оқушы қатысып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Оқушылардың өнерін қазылар алқасы — мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Андасова, «Амаnат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Е.Бейсенов, аудандық мәдениет үйінің директоры Қ.Сатмұхамбетов пен көркемдік жетекшісі П.Төлегенова, сондай-ақ аудандық орталық кітапхананың директоры Р.Базарбаева, білім бөлімінің әдіскері Р.Жүнісова, «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі ақын А.Оспанов бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені Мұхтар Мақсатұлы (І.Жансүгіров орта мектебі) жеңіп алды. І орынды Қазымбет ауылынан бақ сынаған Мирас Қайратов еншіледі. ІІ орынды Инабат Тоқтасынова мен Құттыбек Бейсенғазы өзара бөліссе, ІІІ орынды Еркежан Бақтыбек (Науалы ауылы) пен Ер Қабанбай мектебінен қатысқан Нұрай Слямғазы иеленді.
Үржар өңірінен шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жас ұрпақты өнерге баулу байқаудың басты мақсаты болды.
Саналы ғұмырында ақындық пен ұстаздықты қатар алып жүрген Жабайыл Бейсеновтің өлеңдері балалар мен жастарға жаттауға жеңіл, көңілге қонымды әрі терең мазмұнды болып келеді. Былтырдан бері өтіп келе жатқан «Жабайыл оқуларына» өлеңқұмар оқушылар биыл да үлкен қызығушылықпен қатысты.
«ST» — ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС