"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан–Ресей форумында Абай облысы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтті

13.11.2025
Қазақстан–Ресей форумында Абай облысы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтті
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Орал қаласында өткен Қазақстан–Ресей өңіраралық форумына Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы қатысып, бірқатар маңызды келіссөздер жүргізді.

«Жұмысшы мамандықтары – экономикалық өсімнің қозғаушы күші» тақырыбында өткен форум жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы қосылып, екі ел үшін де өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады.

Пленарлық сессияға Абай облысының әкімімен бірге кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, цифрландыру және жастар саясаты басқармаларының, сондай-ақ «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылары кіретін делегация да қатысты.

Форум аясында Берік Уәли Ресей Федерациясының Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен және Алтай өлкесі губернаторының орынбасары Юрий Абдуллаевпен кездесті. Тараптар өңіраралық қатынастардың қазіргі жағдайын талқылап, алдағы уақытта экономикалық әріптестікті күшейтуге, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ логистика мен транзиттік мүмкіндіктерді жетілдіруге ерекше көңіл бөлді.

Кездесуде білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобалар, туристік бағыттарды дамытудың тиімді жолдары, шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылды. Инвесторларды тарту, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету және шекаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты бастамаларды бірлесе пысықтау туралы келісімге келді. Өзара көрші аймақтар ретінде тұрақты диалог пен тығыз байланыстарды сақтаудың маңызы атап өтілді.

Форум барысында Абай облысының «Кондиз» ЖШС мен Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы «Болашақ» компаниясы арасында өнім жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім өңірде өндірілетін кондитерлік өнімдердің жаңа нарыққа шығуына мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етпек.

Жиында, сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарының рөлін арттыру, өндіріс пен технологияны дамыту, көлік және логистика салаларындағы серіктестік мәселелері талқыланды. Қос елдің іскер топтары B2B форматында кездесулер өткізіп, өзара тиімді әріптестікті жолға қою жолдарын қарастырды.

Қазақстан–Ресей форумында Абай облысы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтті Қазақстан–Ресей форумында Абай облысы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтті Қазақстан–Ресей форумында Абай облысы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтті

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС