"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай өңірінде 1 ГВт-тық жел электр станциясы салынбақ

18.11.2025
Абай өңірінде 1 ГВт-тық жел электр станциясы салынбақ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясын салу көзделіп отыр. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли мен Қытайдың «Zhongwei Xinneng» технологиялық компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Жоспар бойынша жобаға шамамен 880 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ. Жел электр станциясы іске қосылғаннан кейін өңірдің энергетикалық инфрақұрылымы жаңарып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Әкімдік тарапынан жер учаскелерін бөлу, рұқсат беру рәсімдерін жеделдету, сондай-ақ жобаны сүйемелдейтін әкімшілік қолдау көрсету қарастырылған. Жұмысты тиімді үйлестіру мақсатында екіжақты жұмыс тобы құрылатын болады.

Берік Уәли баламалы энергия көздерін дамыту Абай облысы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы сенімді әріптестік қарым-қатынас инвесторлар үшін қосымша мүмкіндік ашып отыр. Әкім инвестиция тарту – ұлттық экономиканы әртараптандырудың және жаңа өндірістер мен технологияларды енгізудің негізгі тетіктерінің бірі екенін ерекше айтты.

Облыс әкімі өз сөзінде шетелдік инвесторларға жер мәселесін шешуден бастап, инфрақұрылымға қол жеткізуге және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Оның пікірінше, бүгінгі меморандум екі жақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап, өңірдің экономикалық әлеуетін толық пайдалануға жол ашады.

Қытайлық компания өкілдері де жобаға мейлінше мүдделі екенін жеткізді. «Мен Абай облысына екінші рет келіп отырмын. Екі жаққа да тиімді жоба басталды деп есептеймін. Біз сіздердің өңірлеріңізге 800 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайынбыз. Қазақстан экономикасының, оның ішінде энергетика саласының дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл жоба жүзеге асқанда 300-ден 500-ге дейін адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады», – деді «Zhongwei Xinneng» компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь.

Абай облысында соңғы жылдары инвестиция тарту және өнеркәсіптік әлеуетті күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері аймақ басшысы 100-ден астам шетелдік инвестормен кездескен. «Үлкен Алтай» халықаралық субөңірлік конференциясы аясында Қытайдың жетекші компанияларымен жалпы құны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойылды. Бұл келісімдер логистика, туризм, өңдеу өнеркәсібі және басқа да маңызды салаларды қамтиды.

Қазіргі таңда қытайлық серіктестердің қатысуымен жалпы құны 39,5 млрд теңге болатын 3 жоба іске асырыла бастады. 2025 жылдың басынан бері өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың саны 29-дан 97-ге дейін көбейген. Тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін өсіп отыр. Соның ішінде 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.

Абай өңірінде 1 ГВт-тық жел электр станциясы салынбақ Абай өңірінде 1 ГВт-тық жел электр станциясы салынбақ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС