"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық дәріс өтті

18.11.2025
Семейде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық дәріс өтті
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде экологиялық бағыттағы мазмұнды дәріс өтіп, студенттерге табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға арналған кең көлемді ақпарат ұсынылды. Шараға «Семей орманы» табиғи резерватінің мамандары қатысып, орман алқаптарын сақтау, табиғатты қалпына келтіру және экологиялық қауіптердің алдын алу жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Дәріске 150-ден астам студент қатысып, табиғатты қорғау саласының мамандарымен еркін форматта пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Дәріс барысында қоршаған ортаны қорғаудың заманауи тәсілдері, орман экожүйесін қалпына келтірудің ерекшеліктері, сондай-ақ табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызы талқыланды. Мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, орман шаруашылығындағы кәсіби қызметтің қыр-сырын ашып көрсетті.

«Семей орманы» табиғи резерватінің орман өсіру инженері Айдана Сабыржан өңірдегі экологиялық бастамалар туралы өз пікірін білдіріп, жастардың экологиялық мәдениетін нығайту «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Семей орманы» резерватында «Таза Қазақстан» акциясы өте үлкен аумақта және кешенді түрде жүргізіледі. Бүгін атап өтілгендей, біз тиісті мекемелермен бірлесе отырып, ағаш отырғызу, құстарға ұялар жасау, аумақтарды қоқыстан тазарту сияқты ауқымды экологиялық жұмыстарды бірге атқарып келеміз. 2025 жылы «Семей орманы» аумағында ағаш отырғызу жұмыстары ауқымды көлемде жүргізілді. Көктем мезгілінде ашық тамырлы қарағай көшеттері отырғызылып, жалпы 4810 гектар алқап қамтылды. Күзгі маусымда 475 гектар аумаққа жабық тамырлы көшеттер отырғызылды. Жалпы есеппен алғанда, бір жыл ішінде 2 миллионнан астам ағаш отырғызылды.«Семей орманы» резерватының басты міндеттерінің бірі – Мемлекет басшысының Абай облысында 2021–2027 жылдар аралығында 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын жүйелі түрде орындау. Осы бағытта үздіксіз жұмыс атқарылып келеді. Қазіргі уақытта резерват аумағында 21 мың гектардан астам жерге 100 миллионнан артық ағаш отырғызылды. Сондықтан, «Таза Қазақстан» тек бір реттік акция емес, бұл – әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған ұзақ мерзімді мәдени қалып. Орман – біздің ортақ байлығымыз, сондықтан оны қорғау әр буынның міндеті», – деді ол.

Студенттер үшін мамандардан тікелей ақпарат алу үлкен тәжірибе болды. Олар орман шаруашылығында қызмет етудің ерекшеліктері, экологиялық қауіптердің алдын алу шаралары және табиғатты қалпына келтіру жұмыстары жайлы сұрақтар қойып, нақты жауап алды.

«Орман шебері» мамандығында білім алып жатқан студент Ақерке Талғат дәрістің студенттер үшін аса маңызды болғанын айтты.

«Экологияны тек кітаптан оқу басқа, ал оны күнделікті қорғап жүрген мамандардан тыңдау мүлдем бөлек деңгей. Осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрған жөн, себебі бұл орманның денсаулығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Бүгін орман отырғызу көрсеткіштерінің өсіп жатқанын білдім. Болашақта осы салада өзімді сынап көргім келеді. Экологияға өз үлесімді қоса аламын деп сенемін, – деді Ақерке Талғат.

Колледж бен «Семей орманы» резерваті арасындағы серіктестік аясында алдағы уақытта да экологиялық бағыттағы лекциялар, практикалық кездесулер және студенттердің табиғат қорғау іс-шараларына қатысу мүмкіндіктері қарастырылмақ.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай кездесулер жастардың табиғатқа деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» бағдарламасының өңірде тиімді жүзеге асуына өз үлесін қосады. 

Семейде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық дәріс өтті Семейде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық дәріс өтті Семейде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық дәріс өтті Семейде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық дәріс өтті

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

3 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС