Қазақстан студенттер Альянсы бастаған Семей қаласының белсенді студент жастары Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылғы кезектен тыс Президент сайла-уын өткізу жөніндегі бастамасын қолдайдындықтарын білдірді. Осылайша, 3 ақпан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің алдында жиналған 120-ға жуық патриот жастар «Сайлау-2015», «Сайлау үшін» ұранымен флеш-мобы өткізді.
{jcomments on}- Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдай отырып, Семей қаласының студент жастары кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасын халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санайды. Бұл — құптауға тұрарлық мемлекеттік маңызы зор қадам. Осы шешімді біздің белсенділер бірауыздан қолдап, барлық жастарды сайлауға жаппай қатысуға шақырады, — дейді «Қазақстан студенттер Альянсы» ШҚО бойынша өкілдігінің көшбасшысы Мұстафа Қожамсейіт.
Нұрсұлу САВЕТҚЫЗЫ,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті.