Аса қадірлі ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аржарқын апайлар, жеңгелер, аяулы қарындастарым! Сіздерді көктемнің мерейлі мерекесі
8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
{jcomments on}Бұл әсемдік пен адалдықты ардақтап, парасатты ұлықтайтын ізгілік мерекесі. Отбасы шаруасын, бала тәрбиесі мен қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, сіздер қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауда маңызды рөл атқарып келесіздер. Сіздердің ер-азаматтарға сенімді тірек бола білген жүрек жылуларыңыз бен қайрат-төзімдеріңіз алдында бас иеміз.
Осынау шұғылалы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйласын!
Ізгі ниетпен,
Нұртай САБИЛЬЯНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.