"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ақпараттық хабарлама

06.03.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Семей таңы-Вести Семей» газетінің меншік иесі (ары қарай — газет) «Семей таңы-Вести Семей» газеттері» ЖШС 2015 жылдың 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысушы үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға баспа беттерін берудің шарттары туралы хабарлайды.

Газет беттерін берудің жалпы шарттары мен тәртібі

Газет үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарды орналастыру үшін баспа беттерін береді.

Газет 0,1 баспа бетінен көп емес көлемдегі үгіт-насихат материалдарын орналастыруға баспа беттерін береді. Газеттің баспа беттерін беру Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерге үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарды орналастыруға баспа беттерін беру туралы газеттің меншік иесімен жасалған жазбаша келісім шарттың негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шарт пен қосымша құжаттардың үлгісі (формасы) төмендегідей жазбаша өтініш берілген жағдайда беріледі. Үміткердің /сенімді өкілдің газетпен баспа беттерін беру туралы келісімшартқа қол қоюы үміткердің/ сенімді өкілдің газеттен сай-лауалды үгіт-насихатқа байланысты қызметтерді алуға келісім беруі болып табылады. Мұндай келісімшартқа қол қою үшін үміткер /сенімді өкіл газеттің меншік иесіне мынадай ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш береді:

1) Тіркеу нөмірі, жазбаша өтініштің күні мен уақыты;

2) Өтініш беруші үміткердің аты-жөні, әкесінің аты /сенімді өкілдің аты-жөні, әкесінің аты;

3) Тұлғаның жазбаша өтініш беруге құзыреттілігін айғақтайтын құжаттар: үміткердің жеке куәлігі /сенімді өкілдің жеке куәлігі, құзыретті мемлекеттік орган тарапынан берілген үміткердің куәлігі/ сенімді өкілдің куәлігі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құжат;

4) Үгіт-насихат материалдарын орналастыру жоспарланған баспа беттерінің көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;

5) Үміткердің немесе сенімді өкілдің қолы.

Газет жазбаша өтініштерді 2015 жылдың 20 наурызынан бастап 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері мен мереке күндерінен басқа күндерде, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 12 мекенжайы бойынша қабылдайды.

Жазбаша өтінішке онда сілтеме жасалған құжаттардың көшірмелері қосылады. Жарияланымдарда олардың ақысының төленуі туралы, материалдардың жариялануына жауапты адамдар туралы, қаржыландыру көздері туралы, ақпарат беруші тұлғаның аты-жөні туралы ақпарат жазылады.

Баспа материалдардың жариялану тәртібін газет жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне сәйкес бекітеді. Бірнеше үміткерден /сенімді өкілден өтініштер бір кезде түскен жағдайда, сол күні газетпен жеребе тарту өткізіледі. Жеребе тартуға баспа материалдарын жариялау ретіне үміткерлер немесе үміткердің мүддесіне өкілдік етуші сенімді өкіл және тәуелсіз тараптың өкілі ретінде баспасөз құралдарының өкілі қатысады. Әрбір үміткерге /сенімді өкілге ішіне баспа материалын жариялаудың күні жазылған арнайы қағаз салынған жабық бір-бір конверттен  таңдау мүмкіндігі беріледі. Конверттердің саны бәске қатысушылардың санына тең. Жеребе тартудың қорытындысы бойынша бәске қатысушылар мен Бұқаралық ақпарат құрадарлының өкілі жеребе тартудың хаттамасына қол қояды. Жеребе тартудың қорытындылары (хаттаманың көшірмесі) сәйкес сайлау комиссиясына ұсынылады.

Үгіт—насихат ақпараттық баспа материалдарды беру тәртібі

Үгіт-насихат баспа материалдары газетке Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-ші бабының 3-ші тармағында көрсетілген көлемде газеттің меншік иесімен баспа беттерін беру туралы келісімшартқа қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен                  беріледі.

Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдар газетке модульдер немесе мақалалар түрінде беріледі.

Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдар газетке газеттің шығуына дейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын беріледі. 

Газет мазмұнында конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, Республиканың біртұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдық, рулық араздықты туғызуға, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін насихаттауға және заңнамада қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құруға шақыру идеялары бар екені байқалған жағдайда және заңнама бойынша қарастырылған басқа да негіздермен үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Газеттің баспа беттерін бергені үшін төлеу көлемі мен тәртібі

Үгіт-насихат және ақпараттық материалдарды жариялау үшін баспа беттерін беру ақысының көлемі мынадан құралады:

* Журналистік жарияланымдар берілген беттерде модульді орналастыру үшін ҚҚС қосқанда 1 шаршы сантиметрге 210 (екі жүз он) теңге;

* Журналистік жарияланымдар берілген беттерде мақаланы орналастыру үшін ҚҚС қосқанда 1 шаршы сантиметрге 210 (екі жүз он) теңге.

Төлем газет ұсынған есепшот негізінде мұндай есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде жүзеге асырылады.

Төлем газеттің баспа беттерін беру туралы сәйкес келісімде немесе есепшотта көрсетілген газеттің банктік реквизиттеріне жасалады.

«Семей таңы» — «Вести Семей» газеттерінің

Директор — Бас редакторы                                                                                    Р. МОЛДАШЕВА

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 день бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 день бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 день бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 день бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС