"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫСТЫҢ ЖАУҺАРЛАРЫ

08.01.2014
ШЫҒЫСТЫҢ ЖАУҺАРЛАРЫ

Жақында орталық  қалалық кітапханада  «Мәдени  мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Алтай-Ертіс» кітапханасы  сериясынан шығарылған қаламгерлеріміздің  таңдаулы шығармаларына арналған «Шығыстың жауһарлары» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.

 

«Алтай-Ертіс кітапханасы»-еліміздегі әдебиет саласындағы алғашқы көлемді өңірлік жаңа жоба.Оның іске асуына және көпшілік көңілінен шығуына елімізге танылуына мұрындық болған әрі өзінің қамқорлығын көрсеткен үлкен өнер жанашыры,ұлт жанды аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев. «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан шыққан кітаптардың тұсау кесеріне қаламыздағы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінің 4 -курс студенттері, гуманитарлық-экономикалық колледж студенттері, сонымен қатар танымал әде-    биетші, сыншы, өнер зерттеуші, ақын Төкен Ибрагимовтың  қатысуымен өтті.

 

Мәдени іс-шараның басты мақсаты: өскелең ұрпаққа өңірімізде дүниеге келген халқымыздың біртуар тұлғалары, ардақты ақындары,қарымды қаламгерлерінің өмірі мен шығармашылық жолдарымен  таныстыра отырып,  әдебиетті,  мәдениетімізді  дәріптеп, насихаттау.

Шара барысында  кітапхана қызметкері биылғы «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан шыққан 20 таңдаулы туындыға,  соның ішінде қазақ әдебиетінің кемеңгері, дана Абай шығармаларының маржан сөздерімен, тамаша жинақтарынан бастау алған еңбектерге тоқталып, тамаша, дарынды қаламгерлеріміздің мұралары жайында да баяндап өтті.

«Алтай-Ертіс кітапханасының» екінші топтамасына Қ. Қайсенов, О.Бөкей, М.Сәрсеке,  Қ.Жұмаділов, Т.Жұртбай, М.Ибраев, Б.Жақып, М.Қабанай, Т.Әбдікәкімов сынды қарымды қаламгерлер шығармалары енген.

Сонымен  қатар заманауи техниканың көмегімен жасалған, ақын-жазушылардың қанатты сөздерінен  арнайы дайындалған «Шығыстың рухани мұрасы» атты  көлемді  бейне көрініс  көрсетілді.

Шақырылған қадірлі қонағымыз Төкен Ибрагимовке студенттеріміз, өздерінің сұрақтарын қойып,қаламгердің шығармашылығымен жан-жақты таныса отырып, көптеген мағлұмат алды.

Шара барысында, көркем сөздің шебері  гуманитарлық — экономикалық колледж студенті  Зейнешова Аяулым, Өр Алтайдың ақиық жазушысы Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінен монологты оқыса, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінің 4-курс студентті Шеризат Арман  жерлес ақынымыз      Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Қара шал» өленің тебіренте  жеткізді.Мәдени іс-шараға белсенділік танытып қатысқан жастарымызға, қадірменді қонағымыз Төкен Ибрагимов өз қаламынан шыққан «Жер әңгімеші» атты кітабын сыйға тарту етіп, алғыс-тілегін  білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді. «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясымен ұсынылып отырған жинақтар оқырман жастарымыздың рухани игілігіне айналады деген сеніміміз мол.

Ж. ЖИЕНБАЕВА,

қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы.

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

21 час бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

21 час бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

21 час бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

1 день бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

2 дня бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

2 дня бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

2 дня бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

2 дня бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС