"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті

02.12.2025
Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абайдың 180 жылдығына орай ақынның туған жері – Абай ауданының Жидебай қорығы аумағындағы «TauKum» этно ауыл кешенінде ұйымдастырылған бүркітшілер бәсекесінде еліміздің 9 облысы мен 3 қаласынан 70-ке жуық бүркіт, 14 ителгі мен 15 қаршыға өнер көрсетті. Екі күнге созылған тартысты турнир аясында құмай тазы жарысы да болды.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған шараның жабылу салтанатына облыс әкімі, республикалық құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли қатысты. Шымкент қаласының мәдени күндері аясында облысымызға келген делегация өкілдері де аймақ басшысымен бірге сайыстың марапаттау рәсімінде болды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі» – деп жаһандану кезеңінде жұтылу қаупінен сақтайтын ең басты қалқан ұлттық құндылықтар мен озық дәстүріміз екенін айрықша атап өткен болатын. Ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды сүюге, отансүйгіштік рухпен тәрбиелеуде игі әсерімен, тиімді ықпалын жасап келе жатқаны белгілі. «Абай салбурыны – 2025» республикалық турнирі өз деңгейінде ұйымдастырылып, еліміздің ең үздік құсбегілерін бір алаңға жинады. Бүгін осы додада ерекше өнер көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның құсбегілік федерациясына, ұйымдастырушыларға, төрешілерге және арнайы келген құрметті қонақтарға Абай облысы атынан алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз бен қолдауларыңыз осы турнирдің жоғары деңгейде өтуіне негіз болды. Абай облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Құсбегілікке қызығушы жас буынның қатары артып, осы саладағы тәжірибелі мамандар саны көбейіп келеді. Бұл халқымыздың рухани мұрасының болашаққа берік негізделіп, сенімді түрде жалғасын тауып келе жатқанын көрсетеді», — деді облыс әкімі.

Бүркітшілер сайысында астаналық Ерасыл Серікбек «Қарашолақ» атты құсымен 1 орынды иеленді. Қаршыға бәсекесінде Жамбыл облысынан келген Берікболсын Бабажан жеңімпаз атанды. Құстың аты – «Қанжар». Ителгі жарысында Бабажан Бақдаулет «Қаракөз» атты құсымен жеңіске жетті. «Құмай тазы» додасында Үржар ауданының қатысушысы Рахат Ақылжанов топ жарды.

Дәстүрлі әнші, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева мен ҚР мәдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.

Шара барысында Жапонияда өткен ХХV Сурдлимпиада ойындарында дзюдодан қола медаль иеленген Алтынбек Кәкітаевқа Абай ауданы тұрғындары атынан автокөлік, жаттықтырушысына сертификат табыс етілді.

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті

Ұқсас жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

23 часа бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС