"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНА — ГҮЛ, АНА — ӨМІР ШУАҒЫ

13.03.2015
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Біз «Ана» деген ардақты есімге әрқашан жоғары бағасын берген халықтың ұрпағымыз. Әрбір адам баласына жарық дүние қызығын сыйлап, оларды тәрбиелеп өсіретін құрметті жандардың мәртебесі біз үшін қашан да жоғары. Сондықтан да олардың алдында басымызды иіп, ізгі ілтипат білдіреміз.

{jcomments on}Халықаралық әйелдер күні қарсаңында (6 наурыз) асыл жандарға деген айрықша құрметін Семей қаласының әкімдігі лайықты көрсетті. Алдымен қала әкімі Айбек Кәрімов соғысқа қатысқан ардагер әжелерімізді құттықтап, сыйлықтар тарту етіп, іс басында жүрген іскер нәзік жандылармен жүздесті. Сондай-ақ Айбек Мүталапханұлы Абай атындағы театрда өткен мерекелік кешке қатысып, барша аналарды мерекемен құттықтады.

Айбек Мүталапханұлы соғыс ардагерлері Надежда Горбачева мен Таисия Мирныхтың шаңырақтарына арнайы барып, қарт майдангерлерді мерекелерімен құттықтап, көңілдерін марқайтты. Қос қарияның тұрмысын көріп, сыйлықтар табыс еткен шаһар басшысы ардақты ардагерлердің отбасыларының амандығын тілеп, жылы лебізін жеткізді.

Надежда Горбачева жадында жатталып қалған сол бір қырық бірінші жылдың қаһарын әлі де ұмыта қой-ған жоқ. Он тоғызға енді толған өрімдей қыз сұрапыл соғысқа өз еркімен аттанды. 1942 — 1945 жылдар аралығында ІІІ Украина майданында арнайы байланыс бөлімінде аға радиотелеграфшы болды. Радиотелеграфшының атқаратын қызметі айтпаса да түсінікті. Оқ пен оттың ортасында майдан шебінде үзіліп қалған байланысты қайта жалғау — ұрыс даласындағы жеңіске жақындатар бірден – бір жол. Надежда Горбачева соғыс жылдары Румыния, Венгрия, Чехословакия елдерін азат етуге қатысып, ерлігі үшін бірнеше мәрте марапатталған. Қазыналы қарттың кеудесінде бүгінде ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерейтойлық медальдар жарқырайды.

Айбек Мүталапханұлы құттықтай барған келесі қария — Таисия Мирных. Отты жылдардың куәгері Таисия әжей санитар болып талай жауынгердің өміріне араша түсіп, өлім аузынан алып, қатарға қосылуына септігін тигізді. Қала басшысы Жеңісті жақындатуда әйел азаматтардың сіңірген еңбектері мен ерліктері айтарлықтай екеніне Таисия Мирных әжейдің шаңырағында тоқталып өтті.

— Биыл Жеңістің 70 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтіледі. Бүгінгі ұрпақтың еш алаңсыз өмір сүруі жолында сіздердің ерен ерліктеріңіз баршамызға үлгі. Сіздердің соғыс жылдарындағы шыдамдылықтарыңыз бен төзімділіктеріңіз үшін бас иеміз. Сіздер қашан да құрметке лайықты жансыздар. Біздің майдангер аналарға айтар алғысымыз шексіз, — деді Айбек Кәрімов.

 

Қан майданның қасіретін көріп, соғыстан кейінгі жылдарда елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қарт майдангер аналарымыз бен тыл еңбеккерлеріне бүгінде мемлекет  тарапынан қолдау көрсетілген. Әлбетте, бұл ұрпақтар сабақтастығының белгісі ғана емес, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі болып қала бермек. Қала басшысының мереке қарсаңында арнайы құттықтай келгені, жылы лебізі мен ыстық ықыласы көңілдеріне демеу болған ақ жаулықты қос қария алғыстарын жаудырды.

 

Шаһар басшысының майдангер аналарды құттықтауы қалалық әкімдікте іскер нәзік жандылармен жүздесуімен жалғасты. Ерлермен иық тіресе өңіріміздің әлеуметтік — экономикалық дамуына үлестерін қосып келе жатқан нәзік жан иелерінің қатары бізде де көп. Жиын барысында бастаған ісі берекелі болып, қызметінде үлкен жетістіктерге жетіп, қаламыздың өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген нәзік жандыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Айбек Мүталапханұлы әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, еліміздегі ең басты құндылықтар — тыныштық пен береке — бірліктің маңыздылығына тоқталды.

— Еліміздің қарыштап дамуы үшін, тыныштық пен татулықтың, ұлтаралық келісімнің ұтары көп. Біздің мемлекетте Елбасының жүргізіп отырған саясаты бірінші кезекте осыған негізделген. Мен сіздерді көктемнің шуақты күндерінің алғашқы мерекесі- халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта жұмыстарыңыз жемісті болып, еліміздің, өңіріміздің дамуына үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін, — деп қала әкімі  өзінің ыстық ықыласын жеткізді.

Кездесуде сөз алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Рашида Хасанова аналарға, ардагерлерге мүмкіндігінше көп көңіл бөліп, құрмет көрсетіп келе жатқан қала басшылығының жұмысына ризашылығын білдірді.

— Жаңа жылда ардагерлерге Елбасының құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды. Бүгін де, міне, осындай игі дәстүр жалғасын тапты. Семей қаласында   соғысқа қатыс-қан жиырма үш ардагер қарт аналар бар. Олардың көбінің жасы тоқсаннан асып кеткен. Мынадай жиналысқа келуге олардың мүмкіндіктері жоқ. Соны ескеріп, қала басшылығы соғысқа қатысқан аналарымыздың үйлеріне барып құттықтап, сыйлықтар табыстады. Осы ретте мен Семей қаласы әкімдігіне ардагерлер атынан алғыс айтқым келеді, — деді Рашида Хасанова.

Жыл сайын көктемнің шуақты күндерімен келетін аналар мерекесі жүректерге жылу, көңілге қуаныш сыйлайды. Осы тамаша мереке қарсаңында барша нәзік жандыларды қара шаңырақ Абай атындағы театрда құттықтау — біздегі дәстүр. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов аналарымыздың шаңырақ отын маздатып, өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқандығына тоқтала келе, өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді:

— Халықаралық әйелдер мерекесі — Сіздердің күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз бен еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жетістіктерді насихаттайтын, әйел затын айрықша құрмет — қошеметке бөлейтін күн. Тәуелсіз еліміздің бүгінгідей нығайып, әлем танылған деңгейге жетуіне асыл аналардың, ардақты қыз — келіншектердің өлшеусіз үлес қосып келе жатқандары айқын. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауында бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығына тоқтала келе, оны ана қуанышы мен баланың бақытымен байланыстырды. Шынымен — ақ, береке-бірлігі жарасқан елде экономикалық өрлеу болады. Отбасының шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып отырған өздеріңіздің еңбектеріңіз ұшан — теңіз. «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңа даму бағытын айқындап берді. Алға қойған тапсырмаларды іске асыру жолында біз үшін әйелдер қауымының орны ерекше. Себебі сіздер шаңырақтың ұйытқысы, ұрпақ тәрбиешісі мен қамқоршысы болып, қызметтің барлық салаларында өте үлкен міндеттерді атқарып келесіздер. Осынау шуақты күні біз Отанымызды ұлы жеңістерге жеткізген ардагер әжелерімізге, тылда еңбек еткен апаларымызға, тәуелсіздігімізді нығайтып Қазақстан экономикасының кемелденуіне үлес қосқан асыл жандарға ұрпақ тәрбиелеп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, рухани мәдени өмірді дамытуға үлес қосқан замандастарымызға шын жүректен алғысымызды айтамыз, — деді Айбек Кәрімов өз сөзінде.

Осы күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тапсырып, соғысқа қатысқан қарт аналардың шаңырағында болды.

Алдымен Зәуреш Рамазанқызы көпбалалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

— Қазақ халқын «Отан отбасынан басталады» дейді. Сіздер тәрбиелеп отырған балалар — ертең біздің егеменді еліміздің болашағы. Қазақстанның Мәңгілік Ел болуына олар үлестерін қосады деп сенемін. Халықаралық әйелдер күнімен және алған марапаттарыңызбен құттықтаймын,- деп лебізін білдіре келе, қала әкімінің орынбасары ардақты аналарға зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тіледі. Аналарға деген ақ тілегін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов та жеткізді.

Салтанатты жиыннан кейін қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева соғысқа қатысқан қарт майдангер аналарымызды үйлеріне барып арнайы құттықтады. Қазір қалада тұрып жатқан жиырма үш ардагер әжейдің бірі – Зоя Котлярова. Жасы тоқсаннан асқан қарт кейуана мейрам қарсаңында құттықтап құрмет көрсетіп келген меймандарына ал-ғысын айтты. Соғыста көрген қиыншылықтарын егіле еске алып, мұндай қасіреттің  болмауын, келешек ұрпақтың бейбіт ғұмыр кешуін тілеп, достық пен татулықтың үлкен мәнге ие баға жетпес құндылықтар екенін Зоя әжей атап өтті.

— Бүгінгі ұрпақ сіздерге қарыздар. Өйткені сіздер өздеріңіздің еңбектеріңізбен, ерліктеріңізбен бізге қазіргі бейбіт заманда өмір сүру мүмкіндігін сыйладыңыздар. Сол үшін сіздерге қанша құрмет көрсетсек те, артықтық етпейді,- деді Зәуреш Рамазанқызы Зоя әжейдің шаңырағында.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі

24.12.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі

Құрметті жиынға қатысушылар! Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Түрлі бағыт бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр. Бүгін елорданы дамытудың өзекті мәселелерін...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізу арқылы кәсіпкердің құқықтары қорғалды

24.12.2025
Абай облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізу арқылы кәсіпкердің құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг форматында бақылау әдісін тиімді...

Толығырақ...Details

Абай облысында көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары қорғалдым

24.12.2025
Абай облысында көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары қорғалдым

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзудың 16 000 — нан астам фактісі анықталды.

24.12.2025
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзудың 16 000 — нан астам фактісі анықталды.

Мемлекеттік қызметтер халыққа күнделікті өмірді барынша жеңілдету және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қолдау мақсатында уақытылы әрі сапалы көрсетілуі тиіс. Халыққа...

Толығырақ...Details

Адамгершілік пен заңдылыққа негізделген қоғамға жауапты қызмет

24.12.2025
Адамгершілік пен заңдылыққа негізделген қоғамға жауапты қызмет

Мемлекеттік аппаратты ашық және әділ басқару қағидаттарын нығайту жағдайында Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау ерекше маңызға ие...

Толығырақ...Details

Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

24.12.2025
Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

2025 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери басқару органдарын, құрамаларды, әскери бөлімдер мен мекемелерді жоспарлы даярлау жүйелі түрде жүзеге асырылды....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі

10 часов бұрын

Абай облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізу арқылы кәсіпкердің құқықтары қорғалды

10 часов бұрын

Абай облысында көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары қорғалдым

10 часов бұрын

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзудың 16 000 — нан астам фактісі анықталды.

10 часов бұрын

Адамгершілік пен заңдылыққа негізделген қоғамға жауапты қызмет

11 часов бұрын

Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

14 часов бұрын

Абай облысында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында 100-ге жуық отырыс өтті

15 часов бұрын

Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды

1 день бұрын

Абай облысында 61 дарынды оқушы аймақ басшысымен жүздесті

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС