"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Малтүгелде жаңа медициналық пункт ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр

06.12.2025
Малтүгелде жаңа медициналық пункт ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Малтүгел ауылында жаңадан салынған медициналық пункттің жұмысымен танысты. Ауыл тұрғындары үшін алғаш рет ашылған бұл нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл пайдалануға берілген.

Малтүгелдегі медициналық пунктке қазіргі таңда 139 тұрғын тіркелген. Жалпы аумағы 60,5 шаршы метр болатын ғимаратта дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ ересектер мен балаларға консультациялық-диагностикалық қызмет, шұғыл және жоспарлы көмек, профилактикалық тексерулер, акушерлік-гинекологиялық көмек түрлері қарастырылған.

Медициналық пунктте үш маман еңбек етеді. Нысан Тарбағатай дәрігерлік амбулаториясының құрамына кіреді және амбулатория есебінен санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Медициналық пункт ауылдағы тұрғындардан бөлек, Малтүгелге жақын орналасқан қыстақтарға да қызмет көрсетеді. Заманауи талапқа сай салынған ғимарат бүгінде ауыл халқына сапалы медициналық қызмет ұсынуда.

Ауыл тұрғындары жаңа нысанның маңызын атап өтті.
– Бұған дейін ауылымызда мұндай медициналық нысан болған емес. Соңғы отыз жылда жаңа ғимарат салынбаған еді. Биыл бой көтерген медициналық пункт ауылдың ажарын ашып, бізге үлкен қуаныш сыйлады. Осында келіп, тексеруден өтеміз. Іші жылы, заманауи үлгіде салынған. Ауыл тұрғындары атынан ризашылығымызды білдіреміз, – деді Малтүгел ауылының тұрғыны Ахметбек Мүрсәлім.

Аймақ басшысы да ауылдықтар үшін медициналық көмектің қолжетімді болуы басты назарда екенін айтты. Оның айтуынша, Аягөз ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жеті медициналық нысан іске қосылған, солардың бірі – Малтүгелдегі жаңа пункт.
– Медициналық мекемені арнайы келіп көрдім. Заманауи үлгіде, талапқа сай салынған екен. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Берік Уәли.

Сапар барысында ауыл тұрғындары облыс әкіміне жол жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету және интернет желісін орнату мәселелерін де көтерді. Аймақ басшысы бұл сұрақтардың назардан тыс қалмайтынын, кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Малтүгелде жаңа медициналық пункт ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр Малтүгелде жаңа медициналық пункт ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр Малтүгелде жаңа медициналық пункт ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр Малтүгелде жаңа медициналық пункт ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС