"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕРУЕН ХАЛЫҚТЫ ҚУАНТУДА

17.03.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасының «Нұрлы жол —  болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын атап өту мақсатында Үржар ауданында идеологиялық керуен жұмыс жасауда.  Аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарын бағасы төмен халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету және халыққа кәсіби кеңес беру мақсатына жұмылған идеологиялық көшпелі керуен аудан басшысы Серік Зайнулдиннің тапсырмасы бойынша құрылған.

{jcomments on}Ақпан айының соңында сапарға шыққан керуен Тасбұлақ, Сағат, Қарабұйрат, Барлық-Арасан ауылдарында болды. Әр ауылға ат басын тіреген шақта керуенді бастап жүрген аудан әкімінің орынбасары Ж.Байсабыров жергілікті тұрғындарға Серік Зинабекұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Шаралар барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Бейсенов Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол —  болашаққа бастар жол» атты Жолдауын, Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған мәселелерді халыққа кеңінен түсіндіріп өтіп, өз елінің патриоты болуы үшін «Қазақстанда жасалған» деген акция аясында өзімізде өндірілген өнімді тұтынуға шақырды. Ал аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған жұртшылықты өнерлерімен тәнті етіп, әсем әндерін шырқап, билерін орындады.

Тағы бір айта кетерлігі, жәрмеңке аясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Қабдолданов өзі мұрындық болып, әр ауылда ардагерлер, оқушылар және ауыл жастары арасында әртүрлі спорттық жарыстар өткізді.

 

Концерт соңы қызу жәрмеңкеге ұласып, ауылдықтар ауылшаруашылық өнімдері мен тұтыну тауарларын Үржар бағасымен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары осындай бастама жалғасын таба берсе екен деген ниеттерін білдіріп, керуенді ұйымдастырған аудан басшылығына, бөлім басшыларына, мәдениет саласының қызметкерлеріне және БАҚ өкілдеріне жолдың ұзақтығына, күннің суықтығына қарамай келгендеріне алғыстарын айтып, игі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді. Осылайша, идеологиялық жәрмеңке жұмысы жалғасып, әлі де үржарлық тұрғындармен қауышуда.

 

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС