"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ХАЛҚЫҢ СЕНІ САҒЫНАДЫ»

17.03.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Умитжанова мен сурет пәні мұғалімі Е.Хасенов 9 «А» сынып оқушыларымен «Халқың сені сағынады» деген тақырыпта ақын, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері Сейтқали Қалыбековті еске алу кешін өткізді.

{jcomments on}Оқушыларды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, Абыралы аймағынан шыққан ақындар мен жазушылардың, өнер адамдарының шығармаларын кеңінен таныту, көркем поэзияға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Абай ауданында, Абыралы өңірінде мәдениеттің өрістеп дамуына, Қайнар театрының өркендеуіне айрықша үлес қосып, еңбек сіңірген Сейтқали ағаның өмірі мен еңбек жолы шәкірттерге кеңінен таныстырылды.

Әрине, ақын — елдің, халықтың адамы. Өмірдегі кездесетін қуаныш та, мұң да, табиғат кереметтері де ақын жүрегінен көрініс табуы, тақырыбына арқау болуы – ол заңдылық. Көзі тірісінде ақын ағаның «Атыңнан айналайын, Абыралым» атты жыр жинағы жарық көріп, қалың оқырманға жол тартқан-ды. «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді» дегендей, оқушылар осы жинақтан тума талант иесінің өлеңдерін жандарына жақын тұтып, мәнерлеп оқыды. 20-ға жуық ән жазған сазгердің бірнеше әндерін оқушылар Р.Бүркітбаев, Ү.Болатова тамылжыта шырқап, кештің шырайын кіргізе түсті. Е.Оспанов күмбірлете күй шертті. Ұстаз Б.Ташимовтың Сейтқали ақынға арнаған толғау өлеңін Ерасыл Оспанов мәнерлеп оқыды. Өз шығармашылығынан Б.Болатова мен Қ. Мылтықбековалар сазгер, ақынға арнау өлеңдерін оқып берді. Қай әнін тыңдасақ та, жүрегіңе сөзсіз өз әсерін қалдырмай, толғандырмай қоймайды, өзіне баурап әкетеді.

 

Оқушылар ақын, сазгер Сейтқалимен бірге жүріп, сыйлас болған орталық кітапхана жүйесі директоры Т.Ахметовтен, Пошта бөлімшесі басшысы Т.Сәлменовтен алған сұхбатты жиналғандарға слайд арқылы көрсетіп, естелік әңгімелерін тыңдатты.

 

Бұл кеште атақ, абыройдан кенде болмай, халықтың ыстық ықыласына бөленген, ақындығы, сазгерлігі, өнерпаздығы, қаламгерлігі топтасып келіп, елге танымал болған ағаның жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап өлеңдерімен, әндерімен оқушылар кеңінен танысып, мол ғибрат алды деуге болады.

Кеште Сейтқали ағаның ұлы Жандос, әкесіне арнап еске алу іс-шарасын ұйымдастырғандары үшін, мектеп ұжымына, оқушыларға ризашылық алғысын жеткізді.

Мектеп директоры Б.Сарсенбеков өзінің ойлы пікірін білдіріп, білім ордасында әлі де талай мәнді де мағыналы, тағылымы мол іс-шаралар ұйымдастырыла беретінін айтты.

Қазима ҚАЖЫБЕКОВА,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС