"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАЛАНТТЫ ТҰЛҒА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

17.03.2015
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл белгілі композитор, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Теміржан Базарбаевтың дүниеге келгеніне 80 жыл толып отыр. Осы мерейтойлық датаға орай қалалық Мәдениет сарайында «Айдынды менің Ертісім» атты арнайы еске алу кеші өтті.

{jcomments on}Композитордың туғанына сексен жыл толуына орай ұйымдастырылған концерт басталмай тұрып өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында Теміржан Базарбаевтың шәкірттері оның өнерге сіңірген еңбегі жайлы айтты. Осыдан тоғыз жыл бұрын дүние салған талант иесінің көзі тірісінде өзіндік мектебін қалыптастырғанын да атап өтті. Қазақстан Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлімшесінің төрағасы болғанын тілге тиек етті. Белгілі әнші, сазгер Аймұхамбет Бейсембеков ұстазы туралы:

— Темкеңнің есімі елге ерекше танылды.  Нұрғиса Тілендиевтен «Қазақстан композиторлары арасынан кімді ерекше атар едіңіз?» — деп сұрағанда, ол кісі Мыңжасар Мамытаев пен осы Теміржан Базарбаев ағамызды атаған екен. Жалпы, Темкеңнің қазақ музыка өнеріндегі алатын орны ерекше,-деп сыр шертті. Сондай-ақ ол өзінің осы өнер саласына келуіне Теміржан Базарбаевтың тікелей ықпал еткеніне тоқталды.

Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеде қырық жылдан астам уақыт еңбек еткен біртуар азамат талай талантты жастарға білім береді. Композитордың шәкірттерінің арасында Жолдыбай Дәстенов, Мәуліт Рахымбаев, Тұрсынғазы Рахимов, Жанас Бекентұров, Болат Сыбанов сынды өнер майталмандары бар. Баспасөз мәслихатына қатысушылар кейінгі жылдары Семей өңірінен шыққан композиторлардың барлығын Теміржан Базарбаевтың шәкірттері деп атауға болатынын айтты.

«Айдынды менің Ертісім» деп аталған еске алу кешіне сазгердің аяулы жары Альфия апа қатысып, көрермен ретінде тамашалады. Концерт барысында композитордың  «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер», «Ауылым» сияқты танымал әндері шырқалды. Сондай-ақ симфониялық, опералық шығармаларынан үзінділер көрермен назарына ұсынылды. Мерейтойлық концерт барысында сахна төрінде сазгердің шәкірттерінің музыкалық туындылары да орындалды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС