Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы «Қайрат» – «Олимпиакос» матчындағы ойыны үшін Анарбековті марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, 22 жастағы Темірлан Анарбеков гректің «Олимпиакосына» қарсы өткен кездесуде, жеңіліске қарамастан, матчтың ең үздік ойыншысы атанды.
9 желтоқсанда Астанада қазақстандық голкипер қарсыластардың ірі есеппен жеңуіне жол бермей, сегіз сейв жасады. Анарбеков, сондай-ақ, Чемпиондар лигасында тосқауыл қойылған голдар көрсеткіші бойынша Никита Хайкиннен кейінгі ең үздік қақпашы болып табылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін Анарбеков – сөзсіз планетадағы ең үздік қақпашы.
«Қайраттың» қорғанысы Анарбеков өзіне жақсы статистика жасап алуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жүр», – деп спорт сарапшылары ирониямен атап өтті.
10 желтоқсан түні биылғы жылғы Чемпиондар лигасының соңғы турындағы барлық матчтардың нәтижелері белгілі болды.






