"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысына сый: өңірлер Семейге қандай нысандар салып береді?

11.12.2025
Абай облысына сый: өңірлер Семейге қандай нысандар салып береді?
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапары барысында «Абайға құрмет» республикалық акциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының бастамасымен басталған акция ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар Абай облысына бір-бір әлеуметтік немесе мәдени нысан сыйға тартпақ.

Кеңесте ең алдымен Семей қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу, арнайы экономикалық аймақ құру және жаңа нысандарды сол аумақпен ұштастыру мәселелері талқыланды. Жоспарға сай, АЭА құрамына 1200 гектар аумақты қамтитын жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, заманауи тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысан кіреді. Сондай-ақ Семейде жаңа инженерлік инфрақұрылым – қазандық, жылу, электр, су құбыры және кәріз желілерін салу міндеттері қарастырылды.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, «Абайға құрмет» акциясы аясында салынатын нысандар бір жағынан өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңартуға, екінші жағынан Семейдің жаңа келбетін қалыптастыруға серпін береді. Бүгінде Абай облысының әкімдігі жобаларды нақтылау және жүзеге асыру бойынша өңірлермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Алғашқы болып Маңғыстау облысы бастама көтеріп, Семейде Достық үйінің құрылысын бастап кетті. Түркістан облысы көрме орталығын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» ғимаратын, Атырау облысы «Абай әлемі» орталығын салады. Шымкент қаласы – Шығармашылық орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы – Мемлекеттік рәміздер алаңын, Шығыс Қазақстан облысы – Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыруды мойнына алды.

Ақтөбе облысы Жекпе-жек сарайын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын тұрғызады. Астана қаласы «Келешек» мектебін сыйға тартса, Алматы қаласы медиаорталық салуды жоспарлап отыр. Қарағанды облысы – ботаникалық бақ, Батыс Қазақстан облысы – желілік саябақ, Қостанай облысы – Руханият орталығын салып береді.

Кеңес барысында Премьер-министрдің орынбасары қалған өңірлерге де жобаларды айқындау және іске асыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
– Үйлестірілген жұмыстың нәтижесінде біз барлық жобаларды бірыңғай архитектуралық стильде сәтті аяқтап, Абай атына лайықты және өңірдің болашағы үшін маңызды инфрақұрылым құратынымызға сенімдімін, – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Жүктелген міндеттерді тиімді және уақытылы орындау үшін ол Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне, сондай-ақ өңірлердің әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Акция шеңберінде жоспарланған нысандар кезең-кезеңімен салынып, Семей қаласы мен жалпы Абай облысының әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

3 часа бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

3 часа бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

2 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

2 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

2 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

3 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

3 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

3 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС