"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында жұмыспен қамту картасы мен мерекелік дайындық талқыланды

11.12.2025
Абай облысында жұмыспен қамту картасы мен мерекелік дайындық талқыланды
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2025 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы және желтоқсан айындағы мерекелік күндерге дайындық барысы қаралды.

Кеңес жұмысына облыстық басқармалар мен өңірлік департаменттердің басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері жиынға онлайн режимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлнұр Ыдырышева, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан, сондай-ақ білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков баяндама жасады.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту картасы аясында облыста 24 925 адам жұмыспен қамтылған. Оның 16 211-і – тұрақты жұмысқа, 8 714-і – уақытша жұмысқа орналасқан. Жұмысқа тұрған азаматтардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналарымен қамтылған, электрондық еңбек шарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда.

Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде жыл басынан бері 1 648 адам жұмысқа тартылған. Бұл бағытта өңірдің әр ауданында тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылып, жұмысшыларды жаңа жобаларға қайта бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында жоспарланған жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік туды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 486 адам жұмысқа орналасқан. Мемлекет басшысының «әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» құру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында облыста 9 049 адам жаңадан ашылған кәсіпорындарға жұмысқа қабылданды. Кәсіпорындар берген бос орындар арқылы тағы 6 476 азамат еңбекке тартылды.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өз бизнес-идеяларын жүзеге асырушыларға 205 грант берілді. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарға жеңілдетілген несиелер ұсынылып, ауылдық жерлерге кадр тарту жалғасып жатыр. 2026 жылға арналған жоспарлау жұмыстары да басталған. Келесі жылы 3 977 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде, оның 3 167-сі – уақытша, 810-ы – тұрақты жұмыс орны болмақ.

Жиында облыс әкімі аудан және қала әкімдеріне жылдық жоспарды толық орындауды, инфрақұрылымдық жобалар аясында жоспарланған жұмыс орындарын ашуды, «әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» көрсеткішін уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ азаматтарды электрондық еңбек шартымен қамтуға қатысты нақты шаралар қабылдап, міндетті зейнетақы жарналары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою керектігін айтты.

Аппараттық кеңесте желтоқсан айындағы мерекелік іс-шараларға дайындық мәселесі де қаралды. Тәуелсіздік күніне орай облысқа қарасты қала және аудандарда 100-ге жуық еске алу, танымдық, ғылыми-сараптамалық, білім беру, әлеуметтік және қайырымдылық бағыттағы шара өткізу жоспарланып отыр. Ал Жаңа жыл қарсаңында өңірде 120-ға жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылмақ.

Берік Уәли мерекелік безендіру жұмыстарын тәртіпке сай және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға арналған шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті, өрт қауіпсіздігін және медициналық қызмет көрсетуді жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС