"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 54 мыңға жуық кәсіпкер заңды түрде жұмыс істейді

11.12.2025
Абай облысында 54 мыңға жуық кәсіпкер заңды түрде жұмыс істейді
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекетке тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысу бюджетке түсетін салықтардың азаюына, көлеңкелі экономиканың ұлғаюына және адал жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіруге алып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова толығырақ баяндады.

— Кәсіпкердің негізгі міндеті – табыс тапқан жағдайда барлық қажетті салықтар мен міндетті төлемдерді уақтылы төлеу. Мемлекеттік тіркеу кәсіпкерлік қызметті заңдастырумен қатар, тұтынушылар мен серіктестер үшін де сенімділік тудырады. Тіркелген кәсіпкер өз тауарларының, қызметтерінің сапасына жауап береді, шарттық міндеттемелерді орындауға міндетті. Қандай да бір даулы жағдай туындаған кезде тұтынушы өз құқықтарын заңды түрде қорғауға мүмкіндік алады. Ал тіркелмеген кәсіпкер құқықтық алаңнан тыс әрекет етеді, бұл нарықтағы барлық қатысушылар үшін тәуекелдер туындатады, — деді басқарма басшысы.

Сонымен бірге, тіркеу кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктеріне, жеңілдетілген несиелерге, мемлекеттік сатып алуға қатысуға және заңды бизнеске ғана қолжетімді басқа да мүмкіндіктерге жол ашады. Демек, тіркелу тек заң талабы ғана емес, сонымен бірге бизнестің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

— Заңсыз кәсіпкерлік қызмет әділ бәсекелестікке кері әсерін тигізеді. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының 2-тармағына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті тұлғалар жалдамалы қызметкерлерді тұрақты негізде пайдаланатын немесе жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын жеке тұлғалар. Ал жалдамалы еңбекті қолданбайтын және тек салық салынатын белгілі кірістерді ғана алатын жеке тұлғалардың тіркелмеу құқығы сақталады. Мұндай кірістерге мүліктік табыс, Қазақстан Республикасынан тыс көздерден түсетін кірістер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлемдер және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер жатады. Бұл табыстар 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығына жатқызылады және 270.00 нысанды декларация арқылы рәсімделеді, — деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар, тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылады. ҚР ӘҚБтК-нің 269-бабына сәйкес алғаш анықталған жағдайда ескерту беріледі, ал қайталанған фактіде айыппұл салынады: жеке тұлғаларға – 8 АЕК, жеке кәсіпкерлерге және КЕҰ-ға – 15 АЕК, орта бизнеске – 30 АЕК, ірі бизнеске – 70 АЕК. Бұл туралы толығырақ Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Дияз Раимханов тарқатты.

— Абай облысы бойынша жүргізілген бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылдың 11 айында 32 құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша жалпы сомасы 3 137 736 теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, тіркеусіз жылжымайтын мүлікті жалға беру фактілері бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, нәтижесінде “Жалға алу және тұрғын үйді басқару” қызметі бойынша 195 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Өткен жылдар үшін 3,2 млн теңге салық сомасына 11 салық төлеуші декларация тапсырды. Сонымен қатар, 32 жеке тұлғаға жалға беруден түсетін табыстар бойынша тіркелу және салық төлеу қажеттілігі түсіндірілді, — деді Диаз Раимханов.

Жалпы облыс бойынша жыл басынан 11 886 жеке кәсіпкер тіркелсе, оның 343-і ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде рәсімделген. Заңсыз кәсіпкерліктің алдын алу бағытында мемлекеттік кірістер органдары тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар және көшпелі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жыл басынан бері осындай 584 шара өткізілген.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС