"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ – ӘР МЕКТЕПТЕ

11.12.2025
ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ – ӘР МЕКТЕПТЕ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, ұрпақ санасына ұялатар ең қастерлі құндылық. Бүгінгі таңда осы құндылықты жас өрендердің жүрегіне терең орнықтыру мақсатында еліміздің білім беру ұйымдарында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Абай облысы Семей қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептерде тәуелсіздіктің рухын дәріптейтін бастамалар жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұл  болашақ ұрпақты елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды қадам.

Қаладағы 53 мектептің барлығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған бұрыштар талапқа сай орнатылған. Әрбір рәміздер бұрышында Мемлекеттік Ту мен Елтаңба, Гимн мәтіні, сонымен бірге тәуелсіздік рәміздерінің мәні мен маңызын түсіндіретін ақпараттық материалдар орналастырылған. Бұл бұрыштар оқушылардың мемлекеттік нышандарға деген құрметін арттырып, ел тарихына сүйіспеншілігін қалыптастыратын маңызды тәрбие алаңы.

ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ – ӘР МЕКТЕПТЕ

Білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып келе жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы да жас ұрпаққа өнегелі қасиеттер дарытуды көздейді. Бағдарлама аясында әр мектепте адалдық, әділдік және отансүйгіштікті насихаттайтын арнайы үнемі жаңартылып отырады. Бұл оқушыларды азаматтық ұстанымы берік, мәдениеті жоғары тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған тәрбиелік ортаның ажырамас бөлігі.

Семей қаласындағы 53 мектептің 52-сінде әскери-патриоттық клубтар тұрақты жұмыс жасап келеді. Бұл клубтарда оқушылар саптық дайындық дағдыларын меңгеріп, алғашқы әскери дайындық және азаматтық қорғаныс негіздерімен танысады. Сонымен қатар тәртіпке, ұлттық рухқа тәрбиелейтін іс-шаралар тұрақты өткізіледі. Мұндай орта жасөспірімдердің бойында ел қорғауға деген жауапкершілік сезімін оятып, оларды батыл да жігерлі азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Еліміздің болашағын елжанды жастармен байланыстыра отырып, Семей қаласында «Жас сарбаз» кадет сыныптарының ашылуы да тәуелсіздік рухын нығайтудың маңызды бастамасы. Бүгінде қаладағы 13 мектепте 15 кадет сыныбы жұмыс істеп, 295 оқушы арнайы бағдарлама бойынша білім алуда. Кадет сыныптарында оқушылар әскери тәртіпке баулып, патриоттық бағыттағы арнайы дайындықтан өтеді. Осылайша балалар елінің тағдырына бейжай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасады.

Семей мектептеріндегі игі бастамалар тәуелсіздіктің рухын әр баланың жүрегіне жеткізіп, елдік идеологияны нығайтады. Тәуелсіз еліміздің ертеңін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу әр мектептің, әр ұстаздың және ата-ананың ортақ міндеті. Осындай жүйелі тәрбиелік жұмыстар арқылы елін сүйетін, рухы асқақ, саналы да парасатты жастардың қатары арта беретіні сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

3 часа бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

3 часа бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

2 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

2 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

2 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

3 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

3 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

3 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС