"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

УКРАИН ҚЫЗЫНЫҢ ҰРПАҒЫ

20.03.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үлгілімалшы ауылдық округінде Мамай, Сүлеймен, Нұра деген ауылдар бар. Осы ауылдар — қорасы малға, үйлері    жанға толған бай-қуатты қасиетті мекен, құтты қоныс. Ауылдық округ әкімі  Айтқазы Смағұловтың айтуынша, елінің бірлігі бекем,     берекесі мол. Оның себебі әр үйде, әр шаңырақта жастарына үлгі, жасамысына қадірлі, қарттарына сыйлы ата-әжелер бар. Ауылды ұйыстырып, елдіктің қасиетін де сақтайтын — сол абыз аталар мен   ардақты аналар. Солардың бірі — Советқан ата Жексенбиновтер әулетіндегі  Тұрсын апа.

{jcomments on}Тұрсын апаның шешесі украин ұлтынан екен. Анасының өмір-тарихын айтар болса, әңгімесін сонау Мәскеуден бастайды.

— Украина мен Еділ бойында ашаршылық ерте басталыпты. Сол нәубет кезінде жетім қалған Мария Мәскеуде балалар үйі коммуналарының бірінде болады. Жасы 17-ге келгесін балалар үйінен шығып, өз бетімен күн көруге тура келеді. Қаншама қиындықтар көріп, жиырмадан асқанда осы Көкжайыкқа келіп тұрақтайды. Сол Мария Әділхан Омарбеков деген қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, төрт ұл, бір қызды өмірге әкеледі, — деп есіне алады Тұрсын апа. — Әкем ерте қайтыс болды да, бізді шешеміз жеткізді. Шешеміз үйін таза ұстап, жастайынан қазақтың салтын қатты қадірлейтін. Соғым сою, сыбаға қою, наурыз көже істеу дегенді үзбейтін. Ол кезде, дәл бүгінгі күндегідей болмаса да, наурыз, айт деген мерекелер ел ішінде аталып өтетін. Әкемнің шешесі де Мария келініне жөн — жоралғыны үйретіп кетсе керек.

 

Мен де, ата — енем болмағасын, елдің салтын, халықтың дәстүрін анамның көрсетуімен, абысын – ажын, көршілердің айтуымен үйрендік. Наурыз мейрамы — әулетіміздің басты мерекесі. Өзім ес білгелі “күн мен түн теңеледі, наурыз келеді” дегенді естіп өстім. Ұзынсарыға сақтағанды асып, қазанды майлап, наурыз көже пісіргенді біз де көрдік. Бүгінде қыздарым мен келіндерім — наурыз көженің дәмін келістіріп жасап, сәнімен ұсынатын бір-бір шаңырақтың аналары. Әулетіміздің иесі Советқан аталарыңмен бірге кенжеміз Ерболат пен Айнұрдың қолындамыз,- дейді бүгінгі өміріне қарт ана ризашылығын білдіріп.  — Енді ұрпағымның қандай ұлтпен дәм-тұзы жарасса да, бірін-бірі сыйлап өтсе, сол бақыт. Мен анамның украин екенін біліп өстім, украин — маған жат емес, туысқаным. Ал мен өзім болсам сонау нәубет, ашаршылық, соғыс жылдары ешкімді де жатсынбаған қазақтың қызымын. Ұлттарға ынтымақ, еліме тыныштық, халыққа береке тілеймін, — деп батасын берді украин қызы Марияның ұрпағы Тұрсын апа.

 

Қайрат МӘЛҒАЖДАРОВ,

Көкпекті ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС