"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КАТЯ АПАЙДЫҢ НАУРЫЗ КӨЖЕСІ БАЛ ТАТИДЫ

20.03.2015
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Міне, көптен күткен Наурыз мерекесі де келіп жетті. Халықаралық Наурыз күні деп аталып, адамзаттың мәдени мұра тізіміне енген бұл мерекені әрбір ұжым, әрбір мектеп ерекше әзірлікпен қарсы алады. Наурыз мерекесі алдағы жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде жасалатын наурыз көжесімен ерекшеленеді. Мерекенің ең негізгі дәмі болып табылатын наурыз көже әр шаңырақта әзірленеді. Ал ұлты неміс отбасының берекелі дастарқанындағы наурыз көжеден дәм  татқанның өзі бір ғанибет қой!

{jcomments on}Біз әңгіме еткелі отырған берекесі жарасқан отбасының анасы  Екатерина Беннер -қазақтың ұлттық тағамы наурыз көжені дайындаудың нағыз шебері. Екатеринаны ауылдастары Катя деп атап кеткен. Ол кісіні Ақсуат халқы ерекше құрметтейді. Сонау департация кезінде Тарбағатай жеріне келген неміс ұлтының қызы Катя апай Ақсуат ауылында шаңырақ құрып, бала-шағасын өсіріп, армандаған мақсаттарына қол жеткізіп отыр. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен тектілігін көріп өскен Катя апайдың күйеу баласы Ержан мен келіні Жанар — қазақ. Бәрі де Катя апайды сыйлап тұрады. Үлкен қызы Лариса — «Өкпеті» мейрамханасында бармағынан бал тамған аспаз, күйеу баласы Ержан Ақсуаттағы К.Нұрбаев атындағы орта мектепте жұмыс істейді. Апайдың ұлы Александр мектепте мультимедиа кабинетінде зертханашы болып жұмыс істесе, келіні Жанар «Тарбағатай жолдары» мекемесінде еңбек етіп келеді. Қазақ тілі мен дәстүрін жетік меңгерген Катя апайдың отбасында Наурыз мерекесін тойлау дәстүрге айналған. Қазақ ұлтының қонақжайлылық дәстүрі дарыған Катя апайдың дастарқанында қазақтың ұлттық тағамдары – құрт пен май, сүзбе мен ірімшік, түрлі қоспалар толып тұрады.

 

«Жеті түрлі тағамнан дайындалатын наурыз көже дәмділігімен қоса, денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге  де бай», — дейді Катя апай  наурыз көже дайындарда. Кейінгі кезде денсаулығы сыр беріп жүрген апай келіні            Жанарға наурыз көже дайындаудың қыр-сырын жақсылап үйреткен. Ұлты басқа болса да, тілегі бір  Катя апай өз шаңырағына ғана емес, барша қазақ халқына береке мен бірлік тілеп отырады.

 

«Биылғы жыл — Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі жылы. Елімізде ұлттардың татулықта өмір сүріп жатқаны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі деп білемін. Барша аналар сияқты, мен де елімізге тыныштық тілеймін», — деген асыл ананың ақжарма тілегіне қосыла отырып, көпұлтты егемен еліміздің болашағы жарқын болатынына сенеміз. Себебі қазақтың қасиетті жерін мекендеген барлық ұлттың баласы бірдей тату-тәтті өмір сүріп жатқаны шындық.

Жұмаш МАХАНОВА,

«Семей таңы» газетінің штаттан тыс тілшісі,

Ақсуат ауылы, Тарбағатай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС