"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

НЕМІС ҰЛТЫ ҮШІН ДЕ ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

20.03.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Наурыз мерекесі — жарық пен қараңғы, күн мен түн теңелетін, табиғаттың жаңаруын білдіретін, халықты ынтымаққа, бірлікке жетелейтін көпшілік қауым ел болып тойлайтын мазмұны терең, мәні үлкен мейрам.

{jcomments on}Ұлыстың ұлы күні біздің өңірімізде де қалыптасқан дәстүр бойынша аталып өтіледі. Береке — бірлікті ту еткен мерекені тойлауға барлық этностардың өкілдері қатысып келеді. Наурыз мерекесін жыл сайын айрықша атап өтетін — Семей қаласындағы неміс ұлттық орталығы. Әр мерекені мәнді өткізуге тырысатын орталық төрайымының орынбасары  Ольга Мюллермен сұхбаттасудың сәті түсті.

Ольга Мюллер неміс ұлттық орталығы Ұлыстың ұлы күнін тойлауға құрылған кезінен бастап атсалысып келе жатқанын айтады. Мәселен, бірлестік жыл сайын Наурыз мерекесін атап өту аясындағы түрлі мекемелердің шараларын өткізуге үлес қосатын көрінеді. Биыл да сол игі үрдіс жалғасын таппақ.

— Жақында медициналық көмек көрсету орталығы келіп Наурыз мерекесіне орай шараны ұйымдастыруда көмек көрсетуімізге өтініш білдірді. Сондай-ақ біз қаламыздың әуежайы ұжымымен де әріптестік байланыс орнаттық. Мерекелік шаларына қатыса жүріп, біз неміс ұлтының салт — дәстүрлері жайлы ақпарат беріп, ұлттық мейрамдарымыз жайлы айтамыз. Жалпы, Наурыз мерекесінің мәні халықтың арасындағы береке — бірлікті нығайту, ынтымақ пен татулықтың тұғырын бекіте түсу деп білемін. Осы орайда еліміздің аумағын мекендеп жатқан этностардың бір-бірінің салт-дәстүрлері жайлы хабардар болуы, біліп жүруі өзара түсіністік пен сыйластықтың артуына септігін тигізеді деген ойдамын, — деді Ольга Мюллер.

 

Ольга Мюллер неміс ұлттық орталығы жыл сайынғы дәстүр бойынша қаламыздың Орталық алаңында   Наурыз мейрамының кеңінен аталып өтуіне атсалысатынын айтады. Дәлірек айтқанда, ұлттық салт — дәстүрлерін паш етіп, тарихы, мейрамдары жайлы мағлұмат беретін арнайы көрмелер ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек «Айнхайт» ән — би ансамблі сахна төрінде жиналған қауым алдында ән шырқап, би билеп өнер көрсетпек.

 

— Көрмеге қойылатын бұйымдарды арнайы қолөнер сабақтарында біздің бірлестіктің мүшелері жасайды. Орталықтың құрамында жастар клубы жұмыс істеуде. Ол клубтың мүшелері ұлттық киімдерімізді киіп, Орталық алаңға келген халықты   Наурыз мерекесімен құттықтап,   оларға парақшалар тарататын    болады. Осының өзін жақсы бастама дер едім, себебі, Наурыз мерекесінің мазмұнына сай, халық арасындағы татулықты нығайтуға септігі мол болады,- дейді неміс ұлттық орталығы төрайымының орынбасары.

Ольга Мюллер Ұлыстың ұлы күнінің неміс халқының ұлттық мерекелерімен ұқсас жерлері барын да атап өтті. Мәселен, Наурыз келгенде, Қызыр баба даланы шарлап, әр шаңыраққа соғып бата береді деген түсінік болса, неміс ұлтының Рождество мерекесінде әулие Клаус әр үйге кіріп, ондағы жанұяларға сыйлықтар қалдырып кетеді деген ұғым бар. Өзі байқаған ортақ жайттарды айта келе, Ольга Мюллер бұл мерекенің тарихы тереңде жатқан, ерекше сипатқа ие, мазмұны тұңғиық, мәні бай мейрам ретінде қазақстандықтардың, өңір жұртшылығының өмірінде ерекше орын алып келе жатқанын атап өтіп, қала тұрғындарын алда келе жатқан Әз Наурыз мерекесімен құттықтап, татулық тірегінің нығаюына, әр жанұяда шаттық пен қуаныштың мол болуына, еліміздің бақ-дәулетінің жылдан — жылға арта түсуіне шын жүректен тілектес екендігін жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

27.07.2026
Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Ресейдің Омбы қаласында XXIІ Қазақстан - Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Биылғы басқосу «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

27.07.2026
Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

Бүгін Ресей федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXIІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – жыл сайын экономика,...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

27.07.2026
Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

Бүгін Мақаншы ауданының Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

27.07.2026

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – меритократия. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бұл қағидат мемлекеттік қызметке...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

27.07.2026

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді....

Толығырақ...Details

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

19 минут бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

20 минут бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

22 минуты бұрын

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

31 минута бұрын

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

33 минуты бұрын

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

4 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

4 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС