"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАУҚАРЛЫ МЕДИЦИНА ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ҚҰРЫҚТАУДА

20.03.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күн санап медицина саласы қарқынды даму үстінде. Әсіресе бірер жыл бұрын обыр дертінің аты аталса, үреймен қарайтын едік. Бірақ қазір жағдай өзгерген. Заманауи технологиямен жабдықталған, білікті мамандарды бір орталыққа топтастырған Семей өңірлік онкологиялық диспансері адам өміріне араша түсіп, «аты жаман аурудан»  азапқа түскендерді  азат етуде.

{jcomments on}Онкологиялық диспансер қазіргі таңда қарқынды жұмыс жасап, аталған емдеу мекемесінің  базасында жуырда радиациялық онкологиялық орталық және ядролық медицина орталығы ашылады.  Ядролық медицина орталығы – еліміздегі жалғыз ядролық медицина ошағы болмақ.  Қазірдің өзінде қаламыздағы онкологиялық диспансер материалдық база, құрылғылар, тәжірибелі мамандар жағынан еліміздегі бірден — бір орталық болып саналады.

— Біздің онкологиялық орталық — заманауи құрылғылармен жабдықталған, шет елдерден білім алған білікті мамандармен қамтамасыз етілген радиациялық онкология мен ядролық медицина орталығы бар еліміздегі жалғыз диспансер. Оның үстіне алдағы уақытта дертті жеңуге қажетті дәрі –дәрмекті орталықтың өзінде өндіру де жоспарланып отыр. Диагностика және терапия бөлімдері де кеңейтілмек,- дейді Семей қалалық өңірлік онкологиялық диспансер директорының радиологиялық қызмет жөніндегі  орынбасары Баян Атантаева.

Материалдық-техникалық мүмкіндігіне тоқталсақ, диспансер онкологиялық көмекті дамытудың 2012 — 2016 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде компьютерлі томография, «Брахитерапия» сынды Еуропалық заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Бұл құрыл- ғылармен қатар, сүт безі ауруларымен ауыратын науқастарға арналған «Си-дуга» деп аталатын рентгендік сандық аппарат,  магнитті-резонанстық томография, референс-зертхана, диагностикалаудың жоғарғы көрсеткішті құрылғы — гамма камерасы  бар. Сонымен бірге диспансердің дәрігерлерінен бастап медбикелеріне дейін Корея, Жапония және өзге де онкологиялық медицинасы қарқынды дамыған мемлекеттерде біліктілік арттыру курстарынан өтуді дәстүрге айналдырған.

 

Дәрігерлердің пікіріне сүйенсек, қауқары зор құрылғы мен білікті маман еңбегінің ұштасуынан науқастарды обыр дертінен құтқарудың үлес салмағы артқан. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын Семей аумағы бойынша 1300-ден астам адам онкологиялық тіркеуге алынады. Әсіресе қатерлі ісік аурулары арасында сүт безі обыры, қатерлі өкпе обыры, асқазан қатерлі ісігі, ұйқы безі обырлары жиі кездеседі. Десе де дер кезінде аталған дерттің алдын алу үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр.

 

— Қатерлі ісікті дер кезінде анықтап, науқастардың өлімін азайту, өмір сүру жасын ұзарту мақсатында 2005 жылдан бері скринингтік тексеру жүргізіп келеміз. Бұл тексеру дертті алғашқы сатысында анықтап, жедел түрде толықтай емдеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын шаһардың 120 мың ересек тұрғыны мұндай тегін тексеруден өтеді,- дейді Семей қалалық өңірлік онкологиялық диспансердің медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімінің басшысы Мұхтарғазы Төлеутаев.

Скринигтік тексерулер арқасында дертке шалыққандардың 70 пайызының  ауруы алғашқы сатысында анықталып, ем жасаған соң, толыққанды сауығып кетулеріне мүмкіндік туып отыр екен. Бес жыл бұрын қала тұрғындарының орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 66 жас болса, қазіргі таңда 69 жасқа артқан. Дәрігер бұл жетістікті халықтың әл-ауқатының артуымен, медицина саласының серпінді дамуымен байланыстырады.

-«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, алдын  ала скринингтен өтудің маңызы зор, халықтың өз денсаулығына мұ-қият болғандығы жөн,-дейді Мұхтарғазы           Төлеутаев бізбен әңгімесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

41 минута бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

52 минуты бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС