"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Таза Қазақстан»: Абай облысында 349 мың адам қатысқан тазалық жұмыстарының есебі тыңдалды

17.12.2025
«Таза Қазақстан»: Абай облысында 349 мың адам қатысқан тазалық жұмыстарының есебі тыңдалды
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан-қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қосылды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржанов баяндама жасады. Оның айтуынша, биыл сәуір мен қараша аралығында елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілген. Осы кезеңде 349 мың тұрғын атсалысып, 15 906 ұйым мен 6 371 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 182 мың аула тазартылып, 52 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылған.

Сонымен қатар «Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингі арқылы облыс аумағында 191 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталғаны айтылды. Қазіргі уақытта оларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көгалдандыру жөніндегі өңірлік жоспарға сәйкес, 2026 жылы жалпы 67 000 түп көшет отырғызу көзделген: көктемде 42 000, күзде 25 000 түп көшет дайындалады.

Аймақ басшысы мәжілісте бағдарлама аясындағы жұмыстардың нәтиже беріп жатқанын атап өтіп, қарқынды бәсеңдетпеуді тапсырды. Атап айтқанда, қалалар мен аудандарда санитарлық тазалаудың сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін күнделікті мониторинг жүргізу, фото-бейне бақылауды күшейту, бастаманы тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, сондай-ақ 2026 жылғы көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарын 1 маусымға дейін толық аяқтау міндеті жүктелді.

Берік Уәлидің айтуынша, Президент бастамасымен қабылданған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын өңірде іске асыруға ерекше басымдық беріліп келеді және бұл бастама тұрғындар тарапынан кең қолдау тапқан. Осы бағытта бүгінге дейін 13 арнайы жиын өткізіліп, тазалық пен абаттандыру мәселелеріне қатысты 102 нақты хаттамалық тапсырма берілген. Облыс әкімі аталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін қадап айтты.

Кілт сөздер: Таза Қазақстан, Абай облысы, Берік Уәли, санитарлық тазалау, көгалдандыру жоспары

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС