"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысындағы автожолдарда 127 жылыту пункті орналасқан

18.12.2025
Абай облысындағы автожолдарда 127 жылыту пункті орналасқан
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қысқы кезеңде ауа райының және жол жағдайының күрделенуіне байланысты Абай облысының полиция бөлімшелері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және автомобиль жолдарында төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу мақсатында қосымша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл туралы
Абай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытбек Сыдықбаев баяндады.

— Патрульдік полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен және қызметтермен бірлесіп, тәулік бойы автожолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, жүргізушілердің белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауда. Қолайсыз ауа райы жағдайларында көлік колонналары мен жеке автокөлік құралдарын алып жүру ұйымдастырылды. Есепті кезеңде барлығы 1 914 көлік құралы сүйемелденді, оның ішінде 626 жеңіл автокөлік, 1 278 жүк көлігі және 10 автобус. Бұл шаралар күрделі жол учаскелерінде қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Абай облысы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Алмас Сүлейменовтің айтуынша, қыс мезгілінің басынан бері облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты 49 рет дауылды ескерту жарияланып, 19 рет республикалық және 22 рет облыстық маңызы бар автожолдар жабылды.

— Халықты хабардар ету үшін 231 СМС-хабарлама және «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы 76 хабарлама жолданды. 2025 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша құтқару бөлімшелері 6 авариялық-құтқару жұмысын жүргізіп, 4 адам құтқарылып, 2 адам (оның ішінде 1 бала) қауіпсіз жерге көшірілді, қар құрсауынан 3 автокөлік шығарылды. Қозғалысқа шектеу енгізілуіне байланысты 13 автокөлік жылыту пункттеріне дейін сүйемелденіп, 8 жылыту пунктіне 134 адам, оның ішінде 17 бала орналастырылды. АҚЖ жүргізуге барлығы 63 адам және 60 бірлік техника жұмылдырылды, — деді Алмас Сүлейменов.

Жалпы облыс аумағында эвакуациялау және жедел ден қою үшін 2 285 жеке құрам мен 888 бірлік техника дайындықта тұр. Жоғары өтімді техника қауіпті аймақтарға қайта бөлініп, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы кезекшілікте. Сонымен қатар, автожолдарда 127 жылыту пункті анықталған, ал шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 3 трассалық медициналық-құтқару пункті толық дайындықта.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС