"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды

18.12.2025
Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды
34
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі ірі экспорттаушы кәсіпорындардың бірі – «Казполиграф» ЖШС базасында ашылған «Gable Top» картон қаптамалар цехының салтанатты іске қосылуына қатысты.

Жаңа өндірістік желі өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, экспорттық бағытты кеңейтуге мүмкіндік береді. Аймақ басшысы бұл жобаны өндірістегі технологиялық жаңғырту мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған нақты қадам ретінде бағалады.

«Казполиграф» кәсіпорны шығаратын картон қаптама өнімдерінің 30 пайызы ТМД елдеріне, соның ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де нарықтарға экспортталады. Компанияның өндірістік қуаты жылына 30 мың тонна қағаз және картон қаптамасын, 2 мың тонна жабынды қағазды, 1,5 мың тонна полимерлік пленкадан жасалған қаптама бұйымдарын және 1 мың тонна өзге қағаз-картон түрлерінен өндірілетін сығымдалған өнімдерді шығаруға жетеді. Өндірісте 700-ге жуық адам еңбек етеді.

Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 6 миллиард теңгені құрайды. Жаңа желі 20-ға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға жол ашып отыр. Сонымен қатар компания биыл өндірістік қуаттарды жаңарту бойынша ауқымды модернизацияны аяқтап, еуропалық стандарттарға сай жабдықтарды сатып алып, орнатқан. Бұл өндіріс көлемін шамамен төрт есе арттырып, тапсырыстарды жедел орындауға мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, іске қосылған кешен Еуразиялық экономикалық одақ пен Орталық Азия кеңістігінде халықаралық «Tetra Pak» стандарттары бойынша сертификатталған қаптама материалдарын шығаратын жалғыз өндіріс ретінде аталып отыр.

Өңірде өндіріс саласындағы жобалар қатар көбейіп келеді. Мәселен, «Qazaq Astyq Group» ЖШС 2026 жылдың бірінші тоқсанында жылына 72 мың тонна тазартылған күнбағыс майын өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңасемей ауданында ірі қара, қой және жылқы етін өңдейтін ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 2028 жылға дейін жылына 250 мың дана тері өңдейтін «Eastern Protein» ЖШС кәсіпорны және жылына 36 мың тонна сүтті қайта өңдейтін «Ертіс Өнімдері» ЖШС зауыты іске қосылмақ. Бұдан бөлек, майлы дақылдарды қайта өңдеуге бағытталған үш агрожобаны жүзеге асыру көзделген.

Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС