"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

19.12.2025
2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 қаңтардан бастап сақтандырылған мәртебесі бар азаматтар міндетті сақтандыру аясында көптеген медициналық қызметтерді жоспарлы түрде ала алады. Бұл туралы Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков баяндады.

— Сақтандыру жүйесі отбасылардың қаржылық тәуекелдерін азайтып, медицина саласының тұрақтылығын нығайтады және мемлекетке денсаулық сақтау жүйесін сапалы жаңа деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың денсаулығын нығайтуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер күшіне енеді. Статистикалық деректерге сәйкес, облыс халқы 596 646 адамды құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қазірдің өзінде шамамен 499 мың адам сақтандырылған, бұл халықтың 84 пайызына жуық. Олардың ішінде 355 мыңнан астам адам жеңілдікті санаттарға жатады, ал тағы 15,9 мың адам жарналарды өздері төлейді. Біздің міндетіміз – бұл тізімді кеңейту, — деді басқарма басшысы.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша филиалының директоры Ельмира Рахимбаеваның айтуынша, жаңа жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы сияқты созылмалы аурулар енгізіледі. Енді бұл науқастар дәрігерлердің кеңесін, қажетті дәрі-дәрмектер мен емді толықтай міндетті сақтандыру шеңберінде алады.
— 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бақылау, диагностика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, гемодиализ және тіпті бүйрек трансплантациясы да сақтандыру пакетіне енгізіліп, сақтандырылған азаматтар үшін “тегін” қолжетімді болады. Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар 11 аурудан басқа, созылмалы аурулардың басым бөлігі енді сақтандыру жүйесі арқылы толық қамтылады. Бұл 11 ауру бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шенберінде қаржыландырылады, — деп түйіндеді филиал директоры.
Спикердің айтуынша, ауыл халқы да бүгінгі таңда міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толыққанды енгізілген. Ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі жеңілдік санатына жатады, олар үшін жүйеге жарналарды мемлекет төлейді.
Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті сақтандыру туралы заңның жаңа нормасына сәйкес, ДЕ санатындағы табысы төмен азаматтар жергілікті атқарушы орган есебінен сақтандырылып, диагностика мен емдеуді кедергісіз ала алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жүйеге жұмсақ кіру қарастырылған. Айына небәрі 4250 теңге немесе жылына 51 000 теңге төлей отырып, олар аз ғана сомаға қымбат медициналық көмекті де ала алады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС