"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үй маңындағы дүкендерге баға шектеуін алып тастау ұсынылды

19.12.2025
Үй маңындағы дүкендерге баға шектеуін алып тастау ұсынылды

Фото Informburo.kz

44
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов қадамжетімділік (үй маңындағы) дүкендерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАЗТ) қатысты сауда үстемесін әкімшілік реттеуден босатуды ұсынды, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі informburo.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Депутаттың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізімін кеңейту шағын бөлшек саудаға қосымша салмақ түсіреді. Әсіресе тез бұзылатын өнімдер (сақтау шарты күрделі, жарамдылық мерзімі қысқа) көбейген сайын дүкендердегі есептен шығару көлемі артып, шығын да ұлғаяды. Оның үстіне, үй жанындағы дүкендердің табыстылығы онсыз да төмен: сала деректері бойынша маржа орта есеппен 2–8% аралығында ғана. Бұл көрсеткіш негізінен жалдау ақысы, жалақы, логистика және коммуналдық төлем сияқты міндетті шығындарды жабуға әрең жетеді.

Нұралдинов сондай-ақ көптеген шағын дүкен жалға алынған нысандарда жұмыс істейтінін атап өтті. Коммуналдық тарифтердің өсуі және айналымнан алынатын салықты төлеу қажеттілігі жағдайында кәсіпкерлердің бір бөлігі шығынға жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр. Осы себепті бағаны қатаң шектеу кей дүкендердің жабылып қалуына әкелуі мүмкін деген уәж айтылды.

Ұсыныс бойынша, кеңейтілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізіміндегі баға/үстеме шектеуі негізінен ірі желілік сауда орындарына қолданылуы тиіс. Ал егер реттеу шағын дүкендерге де сақталатын болса, онда оларды әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзан бағамен сатып алуға қол жеткізетін тетікпен қамтамасыз ету қажет. Депутат мұндай мүмкіндік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы ұйымдастырылуы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізімін тағы 14 позицияға кеңейту жоспарын мәлімдеген. Жаңа ұсыныстар қатарында ет, балық, көкөніс, ірімшік, қара шай және басқа да тауарлар бар. Бұл бастаманы іске асыруды жеделдету туралы тапсырманы Премьер-министр Олжас Бектенов берген.

Мақалада: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларӘМАЗТбаға реттеусауда үстемесіүй маңындағы дүкеншағын бизнес

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС