"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Айзат Жұманованың ісі: сотта аурухана дәлізінде түсірілген видео көрсетілді

19.12.2025
Айзат Жұманованың ісі: сотта аурухана дәлізінде түсірілген видео көрсетілді
623
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті тыңдауда марқұмды облыстық ауруханаға жеткізген сәттің бейнежазбасы көпшілікке ұсынылды, деп жазды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста көрсетілген кадрларда Айзат Жұманованың арбамен әкелінгені, басы шалқайып, ес-түссіз күйде болғаны байқалады. Видеода күйеуі Айбар Жанболаттың әйелін маңдайынан сүйіп кеткені, кейін дәлізде марқұмның енесі келіп, ұлымен бірге Айзаттың аяғына массаж жасап, басын қозғап, бетін суланған шүберекпен сүрткен сәттері де көрінеді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға 21-інен 22 маусымға қараған түні болған. Күдікті әйелін аулаға шығарып, бірнеше рет соққы жасағаны, Айзат тоқтатуды сұраса да ұрып-соғу тоқтамағаны айтылды. Әйел есінен танып қалғаннан кейін де соққы жалғасқан деген мәлімет келтірілді. Сол түні ер адамның мас күйде болғаны да сөз болды. Кейін Айзат Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанымен, артынша көз жұмған.

Марқұмның анасы сотта қызының қаза болғанын таңертең ғана естігенін, ал шын мәнінде Айзат шамамен түнгі үштер шамасында қайтыс болғанын айтты. Сондай-ақ қызының бұрын да күйеуінің ашушаң мінезіне шағымданғанын жеткізген.

Сот барысында уақытылы медициналық көмектің көрсетілу-көрсетілмеуі де талқыланды. Көрсетілген видеода дәрігерлердің әрекеті баяу болғандай әсер қалдыратыны айтылды.

Сот-медициналық сарапшылардың дерегінше, Айзаттың жарақаттарының басым бөлігі тірі кезінде салынған. Сарапшы Тахир Халимназаров өлімнің тікелей себебі бас-ми жарақаты екенін, бас сүйектің түбінде жарық барын, сондай-ақ бірнеше рет соққы жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жарақаттар құлау салдарынан пайда болмаған және соққылар ауыр, бірақ өткір емес затпен жасалған болуы мүмкін.

Бұған дейін, 2025 жылдың маусымында Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында Айзат Жұманованың қаза тапқаны хабарланған. Күдікті ретінде күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынған. Туыстарының айтуынша, әйелдің қазасына қатысты оқиғаның мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

Мақалада: Айбар ЖанболатАйзат Жұмановасотсот-медициналық сараптамаТалдықорған

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС