"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзудың 16 000 — нан астам фактісі анықталды.

24.12.2025
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзудың 16 000 — нан астам фактісі анықталды.
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекеттік қызметтер халыққа күнделікті өмірді барынша жеңілдету және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қолдау мақсатында уақытылы әрі сапалы көрсетілуі тиіс.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы цифрландыру деңгейінің дамуын ескере отырып, Қазахстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті көрсетілетін қызметтердің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бақылау мен тиімділікті бағалаудың әртүрлі құралдарын белсенді пайдаланады. Бақылаудың негізгі әдістерінің бірі – қашықтан мониторинг, ол түрлі ақпараттық жүйелер арқылы жүргізіледі. Бұл құрал көрсетілетін қызметтерді беру рәсімдерінен ауытқулар мен бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді және қызмет алушының қатысуынсыз жедел әрекет етуге, қателіктерді түзетуге ықпал етеді.

2025 жылдың өткен кезеңіндегі тексерулер мен қашықтан мониторингтің нәтижелері бойынша 16 000-нан астам бұзушылық анықталды, оның ішінде 15 660-ы (96%) қашықтан мониторинг жүргізу барысында белгілі болды. Бұл бақылаудың автоматтандырылу деңгейінің жоғары екенін және оның тиімділігін көрсетеді.

Ең көп бұзушылықтар білім беру саласында тіркелді – 14 653 факт. Әсіресе, Семей және Аягөз қалаларындағы жағдай өткір күйде қалып отыр.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында 668 бұзушылық анықталды, бұл да мемлекеттік қызметтердің сапасын түзетуді және жақсартуды қажет етті.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Департамент ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді. Атап айтқанда, лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының 2-бөлігі бойынша 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 14 қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департамент жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі – 32 қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру болды. Қалпына келтірілген құқықтардың ішінде жер пайдалану құқығын рәсімдеу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу сияқты маңызды шешімдер бар.

Аталған бағыттағы жұмыс Департамент тарапынан алдағы уақытта да қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, соның ішінде проактивті тәртіпте қалпына келтіруге баса назар аудара отырып, тұрақты негізде жалғастырылады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша депатрменті

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС