"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли мереке қарсаңында Семейдегі арнайы интернаттар мен балалар орталығына барды

25.12.2025
Берік Уәли мереке қарсаңында Семейдегі арнайы интернаттар мен балалар орталығына барды
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Жаңа жыл қарсаңында Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы арнайы мектеп-интернаттар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығын аралап, мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы тәрбиеленушілер мен ұжымдарды мерекемен құттықтады.

Әуелі облыс әкімі №4 арнайы мектеп-инернатына барды. Нашар еститін балаларға арналған бұл білім ордасы 100 орынға шақталған. Қазір мұнда 80 оқушы оқиды, олардың 67-сі — мүгедектігі бар балалар. Интернатта 17 сынып-комплект жұмыс істейді, 49 педагог қызмет атқарады, оның ішінде 14 тәрбиелеуші ұстаз бар. Мекемеде бейімделген жатын корпус (65 орын), 21 оқу кабинеті, 6 логопед кабинеті, қыздар мен ұлдарға арналған екі шеберхана, есту қабілетін жетілдіру кабинеті, бейімделген спорт залы, кітапхана, 90 орындық асхана және медициналық пункт қарастырылған. Мектепте спортқа да ерекше көңіл бөлінеді. Түлек Данияр Тайменов — қол күресінен сегіз дүркін әлем және жиырма дүркін Азия чемпионы.

Сондай-ақ аймақ басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында болды. Бұл мекеме ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды тәрбиелеуге, олардың қауіпсіз дамуына жағдай жасауға бағытталған. Орталықта 72 тәрбиеленуші бар, олар Семей қаласындағы №20, №27 және №35 мектептерде білім алады. Мұнда 75 орындық асхана, педагог-психолог кабинеттері, қыздарға арналған қол еңбегі кабинеті, ұлдарға арналған шеберхана, «Интеллектум» дамыту кабинеті, бейнелеу өнері студиясы, әдіскер кабинеті, вокал және логопед кабинеттері, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу бөлмелері, медициналық пункт, кітапхана, күрес залы, шағын тренажер залы және демалыс аймағы бар. Орталық қызметкерлері спорт залының қолайсыз екенін айтып, көмек сұраған.

«Интернатты аралағанда спорт залдың өте тар екенін байқадым. Жобасын дайындап, ұсыныңыздар. Спорт залын салуға көмектесеміз», – деді облыс әкімі.

Бұдан кейін Берік Уәли №5 арнайы мектеп-интернатының жұмысымен танысты. Бұл мекеме есту қабілеті бұзылған, естімейтін және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларды оқытуға арналған. Қазіргі таңда мұнда 129 оқушы білім алады, оның 43-і — мүгедектігі бар балалар. Мектепте 21 оқу сыныбы жұмыс істейді, оқу-тәрбие үдерісіне 76 педагог жауапты. Арнайы педагогтар, дефектологтар, логопедтер және өзге де бейінді мамандар балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, түзету-дамыту бағдарламаларын жүзеге асырады. Интернатта 27 оқу кабинеті, 11 жатын бөлме, спорт залы, кітапхана, 80 орындық акт залы, 110 орындық асхана, медициналық пункт бар.

Аймақ басшысы әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерімен және тәрбиеленушілермен жүздесіп, балалардың өнерін тамашалап, мерекелік тілегін жеткізді. Сонымен бірге мекемелердің қажеттіліктерін ескере отырып, №4 арнайы мектеп-интернатына екі ноутбук, балаларды қолдау орталығына өнеркәсіптік қамыр илеу құрылғысы, №5 арнайы мектеп-интернатына интерактивті тақта сыйға тартылды.

Одан бөлек, осы үш мекемеде тәрбиеленіп жатқан 274 балаға бірдей үлгідегі жаңа жылдық тәтті сыйлықтар үлестірілді. Мұндай сыйлықтар облыстағы өзге 5 әлеуметтік мекемеге де таратылды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС