Думан Орынбеков, Шәкәрім университеті ректоры
Бетбұрыс нүктесі: Шәкәрім университеті – мемлекеттік даму саясатын жүзеге асыратын университет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Білім және ғылыми зерттеулер жылы деп жариялады.
Бұл — мемлекеттің елдің интеллектуалдық қуатына, білім саласындағы адал бәсекеге, ғылымды экономикалық ресурс ретінде қарастыруға және білімді ұлттық тұрақтылықтың құралы ретінде пайдалануға бағытталған тың серпін екені анық.
Дәл осы орайда өңірлер үшін облыс деңгейінде адами капитал мен технологиялық шешімдердің өзегі қалай болмақ?
Абай облысы үшін мұндай маңызды сауалға лайықты жауап дайын деуге болады. Соның ішінде, Shakarim University-дің институционалдық динамикасынан нақты дәлел табуға болады. Университет 2025 жылдың қорытындысы бойынша инерциядан стратегияға, түрлі бастамалардан нақты жүйеге, жалпы даму жолына өткенін ашық түрде жариялап отыр.
Трансформация ойлау жүйесінен басталады
Оқу ордасының жаңа оқу ғимараттары, зертханалары, халықаралық келісімдер, цифрлық платформалар сияқты кез келген сыртқы өзгерістер заман талабына сай ойлау логикасы жүзеге асқан жағдайда ғана трансформация нақты құндылыққа ие болады. Институционалдық даму инфрақұрылымнан да, тіпті қаржыландырудан да емес, ол ең алдымен шешімдердің қалай қабылданатынынан және сол шешімдерді жүзеге асыру жауапкершілігін кімнің өз мойнына алуға тәуекел етуінен бастау алады.
Жалпы, 2025 жыл Шәкәрім университеті үшін кемелденген басқарушылыққа өту нүктесіне айналды. Біз даму күн тәртібін өзіміз қалыптастыруға кірісудің нәтижесінде шешімдер алдын ала қабылданатын, мақсаттар нақты айқындалатын, ал нәтижелер міндетті түрде жария түрде тіркелетін саналы басқару моделіне көштік. Осы логикада тәртіп, жауапкершілік, жедел шешім қабылдауға ұмтылыс сияқты нақты жұмыс істейтін қағидаттар саласына өтті.
Дәл осы ішкі трансформация Университет ректорының жария есебінің форматын айқындады. Ол дәстүрлі түрде бір ғана басшының қорытынды баяндамасы емес, әрбір бағыт басшысы өз шешімдерін, көрсеткіштері мен нәтижелерін ұсынған институционалдық бастама ретінде қалыптасты. Мұндай тәсіл негізгі өзгерісті көрсетеді. Яғни, университет тұтас институт ретінде әрекет ететіндіктен, жеке жауапкершілік басқару жүйесімен шектеліп қалмайды.
Басқарушылық бағыттағы ойлау жүйесінің өзгеруі дамудың келесі кезеңін айқындап отыр. Шешімдер нәтижемен тікелей байланыста қабылданған кезде, қаржылық саясат қызмет көрсетуші функциясынан шығып, стратегияның негізгі құралына айналады. Сондықтан трансформацияның келесі деңгейі заңды түрде ресурстарды басқаруға және өсімнің қаржылық архитектурасын қалыптастыруға көшуіміз арқылы көрініс тапты.
Қаржылық көрсеткіштер – басқарушылық шешімдер айнасы
Басқарушылық шешімдердің нәтижесі қаржылық көрсеткіңштермен тығыз байланысты. Университет дамуының логикасындағы терең трансформация дәл бюджет арқылы айқындалады. Яғни, бұл – жағдайға бейімделу аясынан шығып, болашақты саналы түрде қалыптастыру моделіне көшуге үндейді.
2025 жылы Шәкәрім университеті ресурстарды басқаруда бірқатар сапалық серпілістеріне қол жеткізді. Жалпы кіріс 2024 жылғы 7,6 млрд теңгеден 2025 жылы 8,5 млрд теңгеге дейін артты. Ғылымды қаржыландыру көлемі 1,6 млрд теңгеден 2,3 млрд теңгеге артты. Бұл ғылыми табыстың жалпы құрылымдағы үлесі 40 пайыздан астамға ұлғайды. Бюджетке аударылған салық көлемі 544 млн теңгеден 623 млн теңгеге дейін артты, бұл шамамен 14,5 пайыздық өсім барын байқатады.
Бұл цифрлық көрсеткіштер қаржылық архитектураның түбегейлі өзгергенін білдіреді. Бюджет бұрынғыдай ағымдағы қажеттіліктерді «жабуға» ғана бағытталатын мүмкіндігін тоқтатып, стратегиялық құрал ретінде жұмыс қарқынын арттырды. Ғылымды дамыту, инфрақұрылымды жаңарту, адами капиталға инвестиция салу, процестердің цифрлық ашықтығы мен басқарылуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді басымдықтарға сүйенетін шешімдер қабылданатын болды.
Есесіне мұндай модель университеттің мәртебесін түбегейлі өзгертеді. Алдағы уақытта қолдауға тәуелді институт позициясынан шығып, өз тиімділігі есебінен тұрақтылығын арттыра алатын дербестікке қол жеткізетін болады. Өңір үшін бұл – айқын кемелдік сигналы: облыс экономикасында инвестицияны оң нәтижеге айналдыра алатын серіктес бар. Бұл — жаңа жұмыс орындары, салық түсімдері, ғылыми әзірлемелер және кадрлар даярлау мүмкіндігі.
Дәл осы орайда қаржылық логика түбегейлі өзгерістермен тікелей ұштасады. Яғни, ресурстар стратегиялық тұрғыда басқарылған кезде, тұтас жүйелерді қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Shakarim University үшін мұндай жүйе экономикалық дамудың өзегіне айналған ғылым болды.
Осы негізде Шәкәрім университеті индустриялық циклге енді деп айтуға толық негіз бар.
2025 жылғы негізгі бетбұрыс университеттің академиялық шектеулі шеңберінен түбегейлі шығып, өңірдің нақты технологиялық және өндірістік үйлесімін айқындайды. Университет ғылымды түсіндіру бағытында өмір сүруді тоқтатып, экономика, индустрия және мемлекет үшін нақты шешімдер өндіру логикасында жұмыс істей бастады.
Бүгінде университетте негізгі салалардың қолданбалы міндеттеріне бағдарланған 9 зертхана мен өндірістік жүйе жұмыс істейді. 9 ғылыми-зерттеу жұмысы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл Шәкәрім университетінің ұлттық ғылыми-техникалық жүйенің толыққанды субъектісі ретінде бекітті. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығынан сұйық радиоактивті қалдықтарға арналған сорбент әзірлеуге тапсырыс алу — университеттің маңызды қадамдарға бет бұрғанын көрсетеді. Бұл — ғылыми дәлдікке, инженерлік сенімділікке ие болған нәтижені басқару қабілеті бар құрылымдар ғана тартылатын міндеттер деңгейі.
2025 жылы зертханалық инфрақұрылымға салынған инвестициялар Қытай Халық Республикасындағы стратегиялық серіктестердің жабдықтарын қамтыды. Xi’an Jiaotong University тарапынан жеткізілген құрал-жабдықтар мен қытайлық индустриялық серіктестердің қатысуы тұрақты халықаралық ғылыми-инженерлік тығыз байланыс орнатылғанын білдіреді. Университет меморандумдық дипломатия негізінде бірлескен әріптестік зерттеулерге және нақты зертханалық қуаттарды іске қосатын серіктестікке өтті.
Электрлендіру және автоматтандыру саласындағы қазақстан-қытай бағыты өңірдің энергетикалық инфрақұрылымына қатысты жобаларды қамтиды. Қолданбалы электротехника мен автоматтандыруды жүзеге асыратын зертханалық базаны қалыптастыру Шығыс Қазақстан энергетикасының нақты сұраныстарын, оның ішінде Шүлбі су электр станциясының мүмкіндігін негізге алады. Осы мақсатта университет нақты энергетикалық нысандарға, пайдалану міндеттеріне және саланың кадрлық қажеттіліктеріне сәйкес міндеттемелерді қалыптастыруда.
Аграрлық сала дәстүрлі ойлаудың күні өткенін көрсеткен тағы бір мысал болды. Агробиозертхана консервация күйінен шығарылып, толыққанды ғылыми-өндірістік орталыққа айналып отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптау, биоқауіпсіздік пен өнімділік саласындағы қолданбалы зерттеулер жаттанды қалыптан арылып, өңірдің аграрлық экономикасының даму күшіне айналды. Мәселен, университет Бесқарағай ауданындағы фермерлермен, шаруашылықтармен, агробизнес өкілдерімен байланыс орнатқан болатын. Қазіргі күнде нақты өнімділік, тұрақтылық пен тиімділік міндеттерін шешу мақсатында жаңа модельмен жұмыс істейді.
AgroHub.shakarim.kz цифрлық платформасының іске қосылуы осы трансформацияның жоғары деңгейдегі жалғасы болды. Платформа зертханалық қызметтерді, қолданбалы зерттеулерді және агробизнесті біртұтас ортаға біріктірді. Есесіне ғылым жабық қалпынан шығып, өңір дамуына қызмет ететін сервиске айналып отыр. Бұл – университеттің тек білім беру құрылымы ғана емес, агротехнологиялық сараптама орталығы ретінде түбегейлі жаңа формат екендігін білдіреді.
Осы үдерістердің жиынтығы ғылым саласындағы сең қозғалғанын айқындайды. Shakarim University мемлекет, бизнес және халықаралық серіктестердің сұранысына ие құзыреттерді, инженерлік шешімдерді және ғылыми өнімдерді өндіруші деңгейіне көтерілді.
Дәл осы индустриялық циклге өту жаттанды және дәстүрлі ойлауды түбегейлі өзгертті.
2025 жылы Шәкәрім университеті ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет бойынша 2030 жылға дейінгі аккредитациясын бекітті. Қазіргі таңда гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында 54 жоба іске асуда. Ғылыми қаржыландыру көлемі 1,4 есеге артты. Scopus пен Web of Science дерекқорларындағы жарияланымдар саны айтарлықтай артты.
Ең маңыздысы – ғылым нақты ережелері бар, мансаптық логикасы қалыптасқан, инфрақұрылымы, ғылыми журналдары, халықаралық кеңесшілер желісі, диссертациялық кеңестері бар жүйеге айналды. Бұл өңір үшін жылдар бойы тұрақты жұмыс істейтін ғылымға тың серпін енгендігін білдіреді.
Цифрлық кемелдік және академиялық адалдық
Университеттің цифрлық трансформациясы – бұл технологиялар мәселесі де, IT-шешімдердің жиынтығы да емес. Бұл – сенім мәселесі. Мемлекеттің дипломға сенімі, қоғамның маманға сенімі, экономиканың адами капитал сапасына сенімі. 2025 жылы Шәкәрім университеті цифрландыру жауапкершіліктің институционалдық инфрақұрылымы ретінде қалыптасатын, әрбір шешім, әрбір баға және әрбір нәтиже өлшенетін әрі тексерілетін логикаға негізделеді.
Осы өзгерістің бір дәлелі ретінде Shakarim AI Check жобасының ұлттық деңгейде танылуын атауға болады. 2025 жылғы қазанда бұл жоба «Академиялық адалдық» номинациясы бойынша AI SANA Leaders ұлттық байқауында жеңіске жетті. Байқау қорытындысы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған, Астанада өткен «Қазақстан – академиялық білімдер аумағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумының аясында шығарылды. Жасанды интеллект саласындағы 200-ден астам жоба арасынан Шәкәрім университеті елдің үздік он бес командасының қатарына енді. Бұл өңірлік деңгейдегі университеттің жүйелі ойыншылар санатына өткенін, ұлттық деңгейдегі өз өнімдерін жасай алатынын айғақтайды.
Shakarim AI Check жобасы формальды бақылау құралы ретінде пайда болған жоқ. Ол университеттің ішінде, студенттердің, жас зерттеушілер мен бағдарламашылардың қатысуымен академиялық мәдениеттің бір бөлігі ретінде қолданысқа еніп отыр. Жүйе бастапқы кезеңнен-ақ жауапкершілік пен интеллектуалдық еңбекке деген құрметті қалыптастыруға бағытталып жобаланды. Машиналық оқыту алгоритмдері мен мәтіндік үлгілерді талдау тетіктері тек біреудің еңбегін пайдаланудың бар-жоғын ғана емес, ақпаратты қайта өңдеу тереңдігін, дәлелдеу логикасын және академиялық жазу сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде жасанды интеллект формальды «іріктеу» үшін емес, бұзушылықтардың алдын алу мен білім сапасын арттыруға қызмет ете бастады.
Дәл осы тәсіл түбегейлі өзгеріс болды. Университет жасанды интеллекттің этика мен сенімге қызмет ете алатынын, бірақ есеп үшін есеп жасау құралы болмауы тиіс екендігін көрсетіп берді. Бұл бүкіл цифрлық трансформацияның жаңа шеңберін белгіледі. Яғни, жекелеген өнімнен — экожүйеге көшу қажеттігін білдіреді.
2025 жыл ішінде Шәкәрім университетінің цифрлық кемелдігі бүкіл білім беру вертикалін қамтитын біртұтас кеңістік ретінде қалыптасты. Shakarim High School оқушылар контингентін 15 пайызға арттырды. Мектеп деңгейінде-ақ дербестік, нәтижеге жауапкершілік және тапсырмаларды адал орындау мәдениетін қалыптастыратын цифрлық құралдар қолданыла бастады. Shakarim College университеттің жалпы цифрлық логикасына кіріктірілді: мұнда оқу жетістіктерін талдау мен академиялық тәртіп элементтері қолданылып, білім алушылардың келесі деңгейге өтуінде сапа стандарттарының сабақтастығы қамтамасыз етілді.
Университет деңгейінде цифрлық экожүйе академиялық адалдық құралдарын, басқарушылық аналитиканы, жобалық және зерттеу қызметін біріктірді. Жас зерттеушілер үлкен деректер базасымен және цифрлық модельдермен жұмыс істейді, ал басқарушылық шешімдер нақты деректерге негізделіп қабылдануда. Осылайша білім алушының үздіксіз цифрлық дамудың мектептен колледжге, колледжден университетке дейінгі траекториясы қалыптасты.
Бұл мемлекеттік күн тәртібімен табиғи түрде үндестігін танытатын нәтиже беріп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті 2026 жылды Білім және зерттеулер жылы деп жариялай отырып, стратегиялық басымдықты айқындау қажеттігін атап өтті. Яғни, елге сенім жағдайында, технологиялық күрделілік пен жоғары жауапкершілік талаптарында жұмыс істей алатын сапалы адами капитал керек. Осы негізде AI SANA бастамасы жоғары білім беру жүйесінің кемелдік деңгейін айқындайтын ұлттық шеңбер ретінде көрінеді. Шәкәрім университеті осы бастаманың көшбасшылары қатарына енуі университеттің отандық академиялық жүйенің болашағын қалыптастыратын стандарттармен жұмыс істей алатынын дәлелдеді.
Өңір үшін бұл өзгерістердің маңызы цифрлық технологиялар шеңберінен әлдеқайда кең. Дипломға, маманға, кадрлық шешімдерге деген сенім дәл осы жерде – академиялық үдерістердің қаншалықты ашық екенінде және білім сапасының қаншалықты адал өлшенетінінде қалыптасады. Shakarim University цифрлық трансформацияның жаңа академиялық этиканың негізіне айнала алатынын көрсетті, мұнда технология адамды алмастырмайды, керісінше оның мүмкіндігін күшейтеді.
Нәтижесінде цифрлық кемелдік техникалық артықшылық болудан қалып, өңірдің стратегиялық ресурсына айналуы тиіс – бұл сенім, жауапкершілік және орнықты даму ресурсы.
Дәл осы логикада Шәкәрім университеті бүгінде өңірлік университеттен – трансұлттық модельге, технологиядан – мәдениетке, формальды бақылаудан саналы сенімге қарай қадам басты.
Адами капитал – трансформацияның басты активі
Кез келген жүйе адамдардың мүмкіндіктеріне сүйенеді. Алайда серпіліс нүктесі нәтиже үшін жауапкершілік сеніп тапсырылғанда туындайды. Дәл осы құбылыс Шәкәрім университеті үшін 2025 жылдың негізгі оқиғаларының біріне айналды.
Адами капиталдың басымдығын айқындаған қосымша дәлел – 2025 жылы қалыптастырылған материалдық және кәсіби ынталандыру саясаты. Университетте профессорлық-оқытушылар құрамының еңбекақысы санаттар бойынша дифференциалды түрде түзетілді, мұнда зерттеушілік және академиялық тұрғыдан белсенді позицияларға басымдық берілді. Табыс өсімі KPI жүйесімен байланыстырылды: ғылыми жарияланымдар, гранттық жобаларға қатысу, зерттеу нәтижелерін енгізу, академиялық жүктеменің жаңа моделі және білім беру бағдарламаларын дамытуға қосқан үлес есепке алынды.
Бұл шаралар бюджетті стратегиялық қайта бөлумен қатар жүргізіліп, шамамен 60 % еңбекақы төлеуге бағытталды. Бұл университеттің адами капиталға – оқытушыларға, зерттеушілерге, басқарушыларға және инженерлерге негізгі интеллектуалдық әрі экономикалық күш ретінде жүйелі инвестиция салынғанын көрсетеді. 2025 жылы орташа жалақы деңгейі: профессор-оқытушылар құрамы – 450 мың теңгеден жоғары, әкімшілік-басқару персоналы – шамамен 439 мың теңге, оқу-көмекші және өндірістік персонал – 185 мың теңге шамасында болды. Бұл модель еңбекақыны үлес пен нәтижені әділ байланыстыруға мүмкіндік берді, ППС-тың ынтасын арттырды. Сонымен қатар кадрлық шешімдердің ашықтығын күшейтіп қана қоймай, білікті кадрларды сақтау, жаңарту мен оларды тарту үшін тұрақты экономикалық негіз қалыптастырды.
Университет саналы түрде PhD иегерлерінен, инженерлерден, IT-мамандардан, стартап-командалардан, магистранттар мен студенттерден тұратын жаңа басқарушылық және зерттеушілік буынға ставка жасады. Олар өңір экономикасының нақты жобаларына тартылған. Бұл – ұдайы өндіру логикасының инерциядан дамуға көшкендігін білдіреді. Жас кадрлар зертханалардағы, цифрлық шешімдердегі, қолданбалы зерттеулердегі, басқарудағы және халықаралық серіктестіктердегі үдерістердің қуатты күшіне айналды.
Алайда бұл өзгеріс соңғы екі жылда қалыптастырылған инфрақұрылымдық негізсіз мүмкін болмасы анық еді. Зертханалық жүйе, цифрлық экожүйе, жаңартылған кампус, коворкингтер мен зерттеу кеңістіктері жас мамандардың қазіргі ғылым мен индустрия стандарттары бойынша жұмыс істеуіне жол ашатын ортаны қалыптастырды. Инфрақұрылым адами капиталды күшейтетін тетікке айналып, білім, бастама мен жауапкершіліктің жедел түрде нәтижеге айналуын қамтамасыз етті.
Дәл адамдар мен орта байланысында Shakarim University халықаралық мойындалу деңгейіне шықты. 2025 жылы университет QS World University Rankings 2026 рейтингіне алғаш рет кірді (1401+ тобы), QS Asia 2026 рейтингінде бірден 26 орынға көтеріліп, 493-орынға жетті. Тағы бір атап көрсетер жайт, QS Sustainability Rankings қатарына енді, THE Impact Rankings рейтингінде алғаш рет қатысты, сондай-ақ UI GreenMetric бойынша Қазақстанның ТОП-5 университетінің қатарына кірді. Бұл көрсеткіштер институционалдық бәсекеге қабілеттіліктің индикаторы болып табылады. Университет өңірдің кадрлық, технологиялық және ғылыми бағдарламаларында сүйенуге болатын субъектке айналып отыр.
Әкімдік пен мемлекеттік кәсіпорындар үшін бұл өзара іс-қимылдың логикасын түбегейлі өзгертеді. Өңірге салалардың нақты сұраныстарына сай мамандарды даярлайтын, қолданбалы ғылыми шешімдер жасап, технологиялық сынақтарға алаң ұсынатын, кәсіпкерлік және инженерлік ортаны қалыптастыратын әрі кадр даярлау сапасының ашықтығын қамтамасыз ететін тұрақты механизм қажет. Шәкәрім университеті бұл модельде қазірдің өзінде қарқынды жұмыс істеп келеді.
Бұл өңірде тапсырыс беру логикасына көшу деген сөз. Аграрлық-өнеркәсіп кешені, энергетика, инфрақұрылым және әлеуметтік сала үшін қажетті кадрларға; қолданбалы зерттеулер мен зертханалық қызметтерге; цифрлық шешімдерге, технологиялық пилоттарға және сараптамаға тапсырыс беріледі және облыс экономикасына кіріктірілген өлшенетін нәтиже алынады.
Абай облысы агроөнеркәсіпті жедел дамыту, өнеркәсіптік кооперация, экологиялық жобалар, инфрақұрылым және әлеуметтік орнықтылық міндеттерін алға қояды. Сондықтан өңірге білім мен құзыреттер штабы ретінде жоғары деңгейдегі университет қажет. Бүгінде мұндай штаб ғылым, экономика, технологиялар мен адами капиталдың түйісінде жұмыс істейтін Shakarim University базасында қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Білім және ғылыми зерттеулер жылы – 2026 жыл университеттердің мемлекеттік институт ретінде кемелденгендігін, тиімділігін, технологиялық деңгейін және ел мен өңірлердің дамуына пайдасын сынайтын кезең болады.
Алдағы жылға Шәкәрім университеті жұмыс істеп тұрған зертханалары, қалыптасқан ғылыми жүйесі, цифрлық тәртібі және жаңа басқарушылық-зерттеушілік буыны бар кемел даму институты ретінде қадам басып отыр. Оның тәжірибесі трансформацияның ойлауды өзгерту мен нәтиже үшін жауапкершіліктен басталатынын көрсетті.
Бетбұрыс нүктесін бекіте отырып, Шәкәрім университеті өңірдің интеллектуалдық ядросы позициясын иеленді және ұзақ мерзімді даму траекториясын таңдады.






