"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді

26.12.2025
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа кодекстегі маңызды өзгерістердің бірі – салықтық әкімшілендірудегі бюрократиялық процестерді оңтайландыру. Бұл туралы толығырақ Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова баяндады.

— Жаңа өзгерістерге байланысты, егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса, есептілікті тапсыру мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе салық төлеуге жататын сомасы нөл теңге болатын салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырады. Бұл норма салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламалар жібермеуге, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығармауға, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауға мүмкіндік береді, яғни бизнес үшін жазалау шаралары азаяды, — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары тарапынан салық салынатын айналымдар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал егер салық төлеуші мәлімделмеген кірістерді өз бетінше анықтап, қосымша салық есептілігін тапсырса, оған ешқандай шара қолданылмайды.

— Айта кету қажет, салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру тек салық төлеушінің жеке кабинетінде (СӘИЖ СТК) ұсынылуы тиіс салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асады. Егер дерекнамада қажетті нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті автоматты түрде қалыптастыра алмайды. Осы себепті салық төлеушілерге дерекнамадағы мәліметтерді алдын ала өзектендіру ұсынылады. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап «Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметі алынып тасталады. Бұл дегеніміз, салық есептілігі ұсынылғаннан кейін оған өзгерістер енгізу тек қосымша салық есептілігін тапсыру арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан салық төлеушілер декларацияларды толтыруға жауапкершілікпен қарап, жіберер алдында барлық мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексеруі қажет,- деді Асем Тұрлыбекова.

Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесінде (СӘИЖ) салық есептілігінің негізгі нысандарын тапсыру кезінде салық органының коды салық төлеушінің тіркеу орны бойынша автоматты түрде анықталып көрсетіледі. Бұл бұрын жиі кездесетін қателіктердің алдын алуға бағытталған. Дегенмен, қажет болған жағдайда салық төлеуші салық органының кодын дербес редакциялай алады. Толығырақ Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жұлдыз Мусина кеңінен тарқатты.

— Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту нормасы жойылады, яғни декларация тапсыру мерзімін кейінге қалдыру заңнамада енді көзделмейді. Осыған байланысты салық төлеушілерге есептілікті алдын ала жоспарлап, белгіленген мерзімде уақтылы тапсыру ұсынылады.Аталған өзгерістер ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығына сәйкес енгізіліп отыр. Бұл бұйрықта салық есептілігінің нысандары, оларды толтыру тәртібі мен түсініктемелері, сондай-ақ есептілікті қабылдау және ұсынуды тоқтата тұруға қатысты мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары нақты айқындалған. Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және осы күнге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады, — деп түйіндеді басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС